- Негізгі бет
- Денсаулық
- Білектегі сызықтардың сыры...
Білектегі сызықтардың сыры
Жүздеген жылдар бұрын үнділіктер қолға қарап жорамалдар жасай бастаған. Ол алғашында Азияда, кейіннен Еуропада танымал бола бастайды.
Қазір технологияның дамығанына қарамастан, хиромантия ғылымына деген сұраныс мол. Соның ішінде ең қызықты жорамалдардың бірі — білектегі сызықтарға байланысты. Мамандардың айтуынша, сызық қанша көп болса, сонша ұзақ ғұмыр сүретініңіздің белгісі. Білезік тұсында негізінен 2-3 сызық болады, кейде 4 сызық та кездеседі. Әр сызықтың өзіне тән белгілері болады әрі ол сіздің денсаулығыңыз бен тағдырыңыз туралы сөйлей алады…
Сонымен ол сызықтар нені меңзейді?
Бірінші сызық - ең маңыздысы. Себебі ол адамның денсаулығынан хабар береді. Егер ол сызық анық, әрі үзілген жері болмаса барлығы жақсы. Ал білінер-білінбес болса, әлсіздігіңіз бар деген сөз.
Екінші сызық - байлықтың белгісі. Түзу және анық көрініп тұрған сызық адамның бай, бақуатты болатынының белгісі.
Үшінші сызықтың билікке, қызметке әсері бар. Бұл жерде де сызықтың анық көрінуі жақсы нәтиженің, жоғары жетістіктің айғағы. Егер ол сызық түзу, тайға таңба басқандай көрініп тұрса, басшы боласыз деген сөз.
Сондай-ақ, бұл сызық адамның 69-84 жыл жасайтынының дәлелі бола алады екен.
Сирек кездесетін төртінші сызық үшінші сызыққа жақын болғандықтан, екеуара байланысы бар. Ол билікпен бірге, өмірде тұлға болып қалыптасатыныңыздың белгісі. Және төртінші сызығы бар адамдар ұзақ өмір сүреді екен.
Cіздің білегіңізде неше сызық бар?
Дереккөз: ikerim.kz
О. Сансызбай