Музыка тыңдау кей мәселелерді ұмытуға көмектессе, музыка үніне қосылып билеу кардиожаттықтыруды ауыстыра алады. Би жаттығуларының адамның физикалық, психикалық және эмоциялық жағдайына пайдасы шексіз.
1. Билеу жүрек-қан тамырлар жағдайын жақсартады
Бидің ересектерге пайдасы тию үшін орташа қарқынды жаттығуларды аптасына 2,5-5 сағат орындау қажет. Би қозғалыстарын орындау кезінде жүрек ырғағы өзгеретіндіктен кез келген стильдегі би түрлері жақсы кардиожаттығу бола алады.
2. Билеу тепе-теңдік сақтауды жақсартады
Билегенде адамның бүкіл денесі қозғалады. Сондықтан би физикалық белсенділіктің бір түрі ретінде адамды шынымен де мықтырақ етеді және тепе-теңдік сақтауын жақсартады.
3. Бимен барлық адам айналыса алады
Бидің кей түрлері (мысалы, бал биі) мүмкіндігі шектеулі немесе созылмалы аурулары бар адамдарға да келе береді. Егер би сабағының қарқындығы жайлы күмәніңіз болса, дәрігерден кеңес алыңыз.
4. Билеу когнитивті функцияларды жақсартады
Көптеген зерттеулер бимен айналысу адамның жас ұлғая келе анық ойлау қабілетін ұстап тұратындығын және жақсартатындығын дәлелдеді. Кей мәліметтер бойынша, би мидың есте сақтау қабілетіне жауап беретін бөлігін жақсартады екен.
5. Билеу ми жұмысын ынталандырады
Егер чечетка билеп көрген болсаңыз, ол қайта-қайта қозғалысты ауыстыруға, сонымен қоса бір уақытта басқа да қозғалыстарды орындауға зейін қоюды талап етеді. Ол қай жастағы адамға болмасын миға арналған өте жақсы жаттығу болып табылады.
6. Би адамдарды біріктіреді
Кез келген адам билей алады. Бал биі немесе шығыс биі сабағына барсаңыз да, достарыңызбен немесе балаларыңызбен билесеңіз де, би кезіндегі қарым-қатынас әлеуметтік және эмоциялық денсаулыққа пайдалы.
7. Билеу көңіл күйді жақсартады
Би проблемалардан арылуға және жағымсыз жағдайдардан алаңдауға мүмкіндік береді. Билеу күйзелісті азайтып, психикалық және эмоциялық жағдайды жақсартады.
Би әлеміне саяхат