Сұлу көріну үшін әйел баласы құрбандыққа барып жатады. Тіпті денсаулығын зая етіп, күні бойы биік өкшемен жүруге бар. Биік тақалардың жанкүйерлері оның аса зиянсыздығын айтып, үйреніп кетуге болады деп жар салады. Шынымен солай ма екен?
Табиғат ана жүрген кезде бар күш табанның барлық бөлігіне түсетіндей етіп жаратқан. Өкшені тақаға тұрғызу арқылы біз бар күшті бармақтарға түсіреміз. Тіпті кішкентай тақаның өзі саусақтарға түсетін күшті 22%-ға арттырады, ал жетісантиметрлі тақада ол екі есе ауыртпалық алады. Бірақ биік тақа киіп, өзін жақсы сезінетін қыздар аз емес. Бұны табанның анатомиялық құрылысымен түсіндіруге болады. Қалай болғанда да, мамандар 8 сантиметрден жоғары тақалы аяқ-киімді аптасына 2-3 реттен көп кимеуге кеңес береді.
Үнемі биік тақалы аяқ-киім кигенде, мынадай проблемаларға ұшырауыңыз мүмкін:
Табанның бергі жағында сүйелдер пайда болуы. Өйткені бұл жерге салмақ көп түседі де, қан айналу жүйесі бұзылады. Табан мен бақай айналасындағы сүйектің деформациялануы. Аяқтың ұшына түсетін күштен сол аймақ жайпақтанып, ал бас бармақтың сүйегі үлкейе бастайды. Балериналардың әдісі: сүйек үлкейіп кетпес үшін, ауыр жұмыс күнінен кейін бақайыңыз бен екінші бармағыңыздың арасына кішкентай жастықша немесе дәріханаларда сатылатын арнайы силикон құрылғыны салып қойыңыз. Бармақтардың деформациялануы. Биік тақада жүргенде бармақтар аяқ-киімнің ұшына тіреліп тұрады. Бармақтар өзгеріске ұшырап, қисайып, формасын жоғалтуы мүмкін. Бармақтардың тартылып қалуы мен тізе бұлшық еттеріне салмақ түсуі. Бел ауруы, кейде тіпті радикулит. Шпилькада жүрген уақытта бар салмақ алдыға қарай түседі, ал өзіңді тік ұстау үшін қосымша бұлшық еттерді іске қосу керек. Мұндай жағдайда бірінші кезекте бел зардап шегеді. Ахиллес сіңірінің зақымдануы. Егер табан әрдайым биік тақада жүрсе, ахиллес сіңірі ештеңе сезбейді, иілгіштігінен айрылады. Нәтижесінде, тақаны шешіп, аяғыңызды еденге қойсаңыз, сіңір созылғандай ауруды сезінесіз. Сол үшін биік тақалы аяқ-киім киіп үйреніп қалған арулар балетка киіп жүре алмайды.Алайда биік тақалы аяқ-киімдердің сырт келбетті сұлулыққа бөлейтін ерекше қасиеті бар:
Ол аяқтарды сымбатты етіп, бойды ұзартады. Сырт көзге аяқтарды ұзын етіп көрсетеді. Биік, жіңішке тақалы аяқ-киімдегі қыздардың жүрісі нәзік, ал бұл еркектердің көзінше оларды қорғансыз көрсетіп, тартымды етеді. Жапон гейшалары, мысалы, биік платформалы гэтаны дәл осы биязылығы мен әлсіздігін көрсету үшін киеді. Биік тақада жүріп-тұру үшін иықтарды тік ұстап, бар салмақты белге салу керек болады. Ал бұл пішінге сымбаттылық пен сенімділік береді. Биік өкшелі аяқ-киім кигенде денені теңгеру үшін жамбасты әрі-бері тербете жүру керек болады. Ал мұндай жүріс еркектердің есін кетіреді.Суреттер: liveinternet.ru, vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина