Бет терісінде массаж сызықтары деп аталатын сызықтар бар. Бұл сызықтар бойында орналасқан бұлшық еттер беттегі ең аз қозғалысқа ұшырайтындары екен. Косметолог мамандардың айтуынша, кез келген бет терісіне арналған сұйықтық не кремдерді осы сызықтар бойымен жаққан дұрыс. Саусақпен жасалынған осындай бет массажы бет терісіндегі қан айналымын жақсартады. Осындай массажды толығымен қарастырайық.
Бірінші қадам
Косметикалық сұйықтықтың не кремнің бірнеше тамшысын саусақпен маңдайыңыздың ортасынан самайға қарай бағыттап жағыңыз.
Екінші қадам
Кремді көз астына самайдан көздің ішкі жағына қарай бағытта жағыңыз. Ал қас астына кремді мұрыннан самайға бағыттап жағыңыз.
Үшінші қадам
Иектің орта жағынан жақтың астыңғы бөлігімен кұлаққа дейін косметикалық сұйықтықты жағыңыз. Кейін еріннен құлақтың орта жағына дейін, мұрыннан самайға дейін жағыңыз.
Төртінші қадам
Мойыныңыз жайлы ұмытпаңыз. Мойыннан иекке жоғары бағыттап, құлақтан иыққа қарай бағытта кремді жағыңыз.
Массаж сызықтары қан жолдары бойымен орналасқандықтан, бұл жерге жасалынған массаж терінің серпінділігі мен созылғыштығын қамтамасыз етеді. Массаж күнделікті істелінетін дауаңызға айналса, жас кезден өзіңізді әжімдерден сақтап қаласыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: allmassazh.ru