Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі және астағы дәрумендерді бүкіл ағзаға үлестіріп отыру бауырдың негізгі қызметі. Бүгінгі заманда бауыр ауруларынан зардап шегетіндер саны артып келеді. Оның бір себебі нашар экология болса, тағы бір себебі ақпараттық заманда адамдардың үнемі асығыс жүріп тамақтануы, фаст-фудтық тағамдарға деген ерекше құмарлық. Бауырды сау ұстау күндіз өзімізді сергек сезініп, өнімді жұмыс істеудің,денсаулықтыңкепілі. Назарларыңызға бауырға пайдалы бірнеше тағам түрлерін ұсынамыз. ● Бал. Бауыр бұл тәттіні өте жақсы көреді екен. Бал табиғаттың бізге сыйлаған ең жақсы шырыны. Ол асқазанда өте жеңіл қорытылады. ●Сарымсақ. Бауыр ферменттері жұмысын жақсартады. Құрамында бауырды тазалайтын аллицилин мен селен элементтері бар. ● Көк шай құрамында бауыр мен бүкіл ағзаны қалдықтардан тазалайтын катехин элементі бар. Регенерациялық қызметі бар, адамды жасартуға көмектеседі. ● Авокадо құрамында бауырды тазалайтын глутатион элементі бар. Тұрақты тұтыну арқылы бауыр тінін жақсартуға болады. ● Алма бауырды зиянды заттардан қорғайды. ● Зәйтүн майы. Салқын күйінде сығылған зәйтүн майы ағзаны токсиндерден тазартып, ең қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді. ●Көк шөптер: аскөк, балдыркөк, насыбайгүл, ақжелкен. Ағзаға қажетті дәрумендер береді, улы заттарды шығаруға көмектеседі. ●Куркума зімбір өсімдігінің бір түрі. Одан жасалған дәмдеуіштер теріңізді жасартып, ағзаны бағалы заттармен қамтамасыз етіп, бауырды тазалайды. ●Жаңғақ. Ингредиент аминоқышқылдарға бай. Құрамында бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін глютен және омега-3 май қышқылдары бар. ● Грейпфрут. Бауырдың жұмыс істеу сапасын жақсартады. ● Балық. Бауырға омега-3 май қышқылдарын жеткізеді.