Денеміздегі ең еңбекқор ағза – бауыр. Ол еңбекорлығымен қатар өте шыдамды да. Себебі, бауыр ауырса да білмейсіз. Ал, білгенде бәрі кеш болады. Сондықтан кез келген белгіге назар аудару өте маңызды дейді дәрігерлер.
Бауыр циррозы – бұл ағзаның қайта қалпына келмейтін зақымдануы, ол тек уақыт өте келе дамиды. Аурудың бауырды бұзатыны сонша, сау жасушалардың орнына тыртықтар мен талшықты тіндердің түйіндері пайда болады.
Аурудың қауіптілігі сол ол ұзақ уақыт бойы жасырын жүреді. Егер адам ауруды уақытында анықтаса, онда дәрігерлер консервативті емдеуді жүргізеді, циррозды тоқтатуға тырысады. Әйтпесе, науқасты тек бауыр трансплантациясы ғана құтқара алады.
Неліктен цирроз дамиды?
Көбінесе вирустық инфекциялар, алкоголь ағзаны зақымдайды. Сондай-ақ, генетикалық аурулар да бауыр ауруына себеп болады, - дейді мамандар.
Бауыр циррозын білуге болады?
Бауырыңызға үлкен қауіп төніп тұрғанын, ең алдымен, екі ерекше белгілерден білуге болады:
1. сізде кенеттен есте сақтау проблемалары пайда болады;
2. бұлшық еттердің жиырылуынан, спазмалардан зардап шеге бастайсыз.
«Миға енетін қауіпті токсиндер қанға жиналады. Осыған байланысты есте сақтау қабілеті нашарлайды, бұлшықеттер тартыла бастауы мүмкін», - Express басылымы.
Бауыр циррозының басқа белгілеріне мыналар жатады:
• ұйқы проблемалары;
• кенеттен салмақ жоғалту және тәбет;
• терінің, ауыз қуысының шырышты қабаты, көз ағының сарғаюы;
• қолдың, аяқтың және іштің ісінуі;
• жиі қан кету (мұрын, қызыл иек, геморроидальды, ішек);
• терідегі геморрагиялық бөртпе, көгеру, тері астындағы гематомалар;
• терідегі қышу.
Кливленд клиникасының дәрігерлері майлы бауыр ауруы диагнозы қойылған адамдар әсіресе алаңдауы керек дейді. Бұл белгілердің барлығы ескерту белгісі саналады, соңы әлдеқайда ауыр ауруға – циррозға айналғанын білдіруі мүмкін. Ал ең қорқынышты симптом – бұл бұлшықеттердің мерзімді тартылуы.
Сондықтан гепатологқа баруды кейінге қалдырмаңыз. Көмекке неғұрлым тезірек жүгінсеңіз, ауруды жеңу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Айта кетейік, бауыр ауруы туралы кеңірек білгіңіз келсе мына көлемді мақаланы оқыңыз.