- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бауыр, бүйрек ауруы:...
Бауыр, бүйрек ауруы: Энергетикалық сусындардың зиян екені рас па?
Энергетикалық сусындар емтиханға түні бойы дайындалатын студенттер, ертемен жұмысқа келетін адамдар арасында кеңінен қолданады. Оған себеп ол ұйқыны ашып, адамға қуат сыйлайды. Дегенмен оның зияны жайлы түрлі әңгімелер де жеткілікті. Бүгіннің оның шын-өтірігін бірге талқылайтын боламыз.
Энергетикалық сусындар құрамына не кіреді?
Кез келген энергетикалық сусынның басты компоненті — кофеин. Бұл зат жүйке жүйесіне әсер етіп, адамға күш береді және концентрацияны жақсартады.
Өндіруші компанияға байланысты оның мөлшері өзгеруі мүмкін. Бірақ энергетикалық сусынның үлкен бөтелкесінде (∼ 450 мл) шамамен 150 мг кофеин бар. Бұл дайын кофедегіден екі есе көп.
Оның үстіне сусынның тәтті болатыны анық. Үлкен бөтелкеде 54-62 грамм қант болады және аз калориялық қант алмастырғыштар кездеседі. Сонымен қатар, өндіруші компаниялар оларға түрлі өсімдік сығындыларымен дәрумендер қосады. Кей энергетикалық сусын қорабында аталғандардан бөлек құрамында таурин, B дәрумені, адамтамыр, гуарану, йерба мате, йохимбе, креатин, гингко билоба, ащы апельсин бары жазылады.
Бұндай заттар әдетте қосымша стимулятор қызметін атқарады. Дегенмен зерттеулерде компоненттердің өзара үйлесімділігі мен олардың нақты мөлшері айтылмайды.
Энергетикалық сусын адам ағзасына қалай әсер етеді?
Кофеин мен өзге де қоздырғыштар есебінен жүрек соғысы жылдамдап, қан қысымы өзгереді. Оны жиі тұтыну аритмияға әкеліп, жүректің тоқтауына себеп болуы мүмкін. Олардың қатарында сап-сау адам да бар. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, энергетикалық сусыннан зардап шеккен 17 адамның бірінде ғана жүрек-қантамыр патологиясы болған.
"Қанат бітіретін" сусындар жас талғамайды. Мысалы, 14 және 16 жастағы жасөспірімдерде жүрек фибрилляциясы анықталған.
Бұндай жағдайдан бөлек, энергетикалық созылмалы жүрек ауруына да әкеледі. Зерттеушілер олар тамыр эндотелиясының қызметін бұзып, тромбоциттердің бір-біріне жабысып қалуына себеп болғанын көрсетеді.
Жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?
Жиі энергетикалық сусынды тұтыну арқылы кофеиннен "улануға" болады. Оның белгілері – мазасыздық, ұйқысыздық, тахикардия, асқазақ-ішек жолдарының ауруы, бұлшық еттердің құрысуы. Кофеин ми жұмысына әсер ететіндіктен, оның шектен тыс мөлшері кейде бас ауруына әкеледі.
Әсіресе, энергетикалық сусындар жасөспірімдер санасына қатты әсер етеді. Зерттеу жұмыстары кофеин тұтыну мен 15-16 жастағы жасөспірімдердің мінез-құлықтың бұзылуы арасында тікелей байланыс барын көрсеткен.
Салмақ қосуға себеп болады.
Энергетикалық сусын құрамындағы негізгі компонент қант болғандықтан, оны шектен тыс тұтыну семіздік пен екінші типтегі диабетке алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар, олар аш ішектегі пайдалы бактериялардың мөлшерін азайтады. Ол артық салмаққа әсер етіп, метаболикалық синдромның күшейтеді.
Бауырға зиян.
Аз мөлшердегі энергетикалық сусын бауырға зиян емес, бірақ күнделікті тұтыну және оны алкогольмен араластырған жағдайда бауырға салмақ түсіреді.
Мысалы, екі апта бойына күніне 10 бөтелке энергетикалық сусын ішкен әйел сары аурумен аруханаға түскен. Дәрігерлер бауыр ферменттерінің зақымдануына B3 дәруменінің мөлшерінің тым көп болуы себеп болды деп көрсеткен.
Денені сусыздандырып және бүйректің жағдайын құртады.
Энергетиктерді спорттық шаралар кезінде қолданады. Өйткені кофеин атлеттердің жағдайын жақсартады. Бір жағынан стимулятор зәр мен натрийдың бөлінуін арттырады. Ол денедегі сұйықтың мөлшерін азайтып, электролиттердің жетіспеушілігіне себеп болады.
Тіс эмалін бұзады.
Қышқылдығы жоғары әрі қанттың мөлшерінің көптігі тіс эмаліне айтарлықтай әсер етеді. Америка және швед зерттеушілірі балалар мен жасөспірімдердегі кариес пен эрозия тәтті шырындармен тікелей байланысты екенін көрсетті.
Денсаулыққа зияны тимеуі үшін қанша энергетикалық сусын ішу керек?
Бұндай сусындардан мүлде бас тартуы керек адам топтары бар. Оған балалар мен жасөпірімдер, жүкті әйел, жүрек-қантамыр және диабетпен ауыратын адамдар.
Дені сау адамдарға энегетикалық сусындар тек шамадын тыс тұтынған жағдайда ғана әсер етеді. Өндірушілердің өзі күніне бір бөтелкеден артығын ішпеу керек деп ескерткен. Оның себебі:
Кофеин мөлшері. АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы күніне тұтынатын кофеин мөлшері 400 миллиграмнан аспауы керек дейді.
Қан мөлшері. ДДҰ дерегі бойынша тұтынатын қант күнделікті калрория мөлшерінің 10%-нан аспауы керек. Яғни, 2 000 килокалория тұтынсаң, қант мөлшері 50 грамнан аспауы тиіс.
Егер өзге тәтті өнімдер мен стимулятордан бас тартатын болсаңыз, энергетикалық сусынның ағзаға зияны аз. Оны таңғы кофеден кейін ішіп, түсте шоколад жесеңіз, оның зияны уақыт өте шығуы мүмкін.
Т. Есқали