Бау-бақшада жұмыс істеу адам өмірінің ұзақтығына оң ықпал етеді. Бірнеше жыл ішінде 108 мың әйелді зерттеген Гарвард университетінің қызметкерлері осындай пікірге келді.
Бұл ауқымды сауалнама нәтижесі бау-бақшада жұмыс жасау адамның өзін жақсы сезінуіне сеп болып, адам өмірін ұзартатынын көрсетті. Жерді қопсытуға ерінбейтін адамдардың өлім деңгейі мегаполистерде тұратындардан 12 пайыз төмен.
Доктор Питер Джеймстің айтуынша, алынған статистика ғалымдарды таңдандырды. Олар өсімдікке сүйіспеншілік және өмір ұзақтығы арасында осындай байланыс бар деп ойламаған еді. Бақшада жұмыс істеу дене жағынан да, адамның психологиялық жай-күйі жағынан да оң әсер ететін болып шықты.
Ғалымдардың айтуынша, адамға салмақ түсіретін мегаполистерде тыныс жолдарының қауіпті аурулары 13 пайыз жоғары және қатерлі ісіктен көз жұму мүмкіндігі 34 пайыз көп.
Дереккөз: inform.kz