Басымыз ауыра бастаса әртүрлі дәрі-дәрмекке жүгіреміз. Алайда кейбір таблеткалардың денсаулығымызға кері әсерін тигізетінін біле бермейміз. Сол себепті бүгін біз сіздерге дәрінің орнына қолдануға болатын 5 табиғи затты ұсынғымыз келіп отыр.
1. Қарапайым эфир майы сізді бас ауруынан қорғап, қанайналымыңызды жақсартады.
2. Құрғату да бастың ауруына себеп болады. Ал оның алдын алу үшін 1 стақан су жеткілікті.
3. Бас ауруына қарсы төтеп бере алатын гүлдердің бірі - түймедақ гүлі. Ол тұрақты бас сақинасына да көмектеседі.
4. Балық майының құрамында омега-3 қышқылы көптеп кездесетінін бұған дейін де айтқан болатынбыз. Оның құрамындағы пайдалы қышқылдар бас ауруынан сақтайды.
5. Жанжабіл тек қана бас ауруына ғана емес, жүрек айну, лоқсу секілді ауруларға қарсы көмек көрсетеді.
Сурет: mifflow.ru, www.rotem.org.il, www.epochtimes.com.br, www.nanako-marriage.com
Оқи отырыңыз:
Кола сусынын мөлшерден тыс тұтыну қатерлі ісікке алып келеді
Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар
Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдар