Жаңа зерттеу көрсеткендей баспалдақпен жүру мидың саулығын арттырады екен. Neurobiology of Aging журналында жарияланған зерттеуде адам неғұрлым баспалдақпен көп жүрсе, оның миы соғұрлым жасара түсетіні айтылған. Монреалдағы (Канада) Конкордия университетінің жетекші зерттеушісі Джейсон Стеффенер мен оның әріптестері 19 және 79 жас аралығындағы 331 дені сау адамның миын зерттеу үшін магнитті-резонансты томографияны (МРТ) пайдаланды.
Олар қатысушылардың миындағы күкірт мөлшерін өлшеді. Өйткені оның төмендеуі − қартаю үдерісінің белгісі. Кейін зерттеушілер қатысушылардың ми көлемі мен қанша уақыт білім алғанын және баспалдақпен қаншалықты көп жүргенінің арақатынасын есептеген. Нәтижесінде адам баспалдақ арқылы неғұрлым көп көтерілсе, оның миы соғұрлым «жасаратыны» белгілі болған.
Дереккөз: inform