Бас неге қышиды? Негізгі 6 себеп

Бастың қышуы – жағымсыз сезім. Бұл жағымсыз сезімнен арылу үшін оның пайда болу себебін анықтау маңызды. Ендеше, бас не үшін қышуы мүмкін?

Қайызғақ

Қайызғақ жиі басты қышытады. Қайызғақ әдетте себореялық дерматит дамуының себебі болады. Қайызғақ құрғақ, аралас және майлы болуы мүмкін. Ем оның түріне қарай таңдалады.

Қайызғақ не үшін пайда болады? Мына жерден оқыңыз.

Тері құрғақтығы

Егер басты ыстық сумен жиі жуса, фенді жиі қолданса, климат ауыстырса және т.б жағдайларда бас терісі құрғап кетеді. Қышығаннан бөлек адам басын жуып болғаннан кейін терісі тартылып тұрғандай сезімде болуы мүмкін. Бұл жағдайда бас терісін арнайы құралдармен қосымша ылғалдандыру ұсынылады.

Аллергия

Аллергия да басты қышытады. Әдетте, шаш бояуына немесе басқа да шаш күтіміне арналған құралдарға аллергиялық реакция туындауы мүмкін. Егер аллергияға бейім болсаңыз, әркез құралдардың құрамын мұқият оқу керексіз. Сондай-ақ жаңа құрал пайдаланар алдында тест жасаңыз: құралдың кішкене бөлігін шынтақтың ішкі жағына жағыңыз.

Көктемгі аллергия: білу керек 15 кеңес

Тері аурулары

Саңырауқұлақ және бактериялық инфекциялар бас қышуына әкелуі мүмкін. Жаралар, жырықтар және басқа да зақымдар микроағзалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Механикалық зақым

Шашты фенмен дұрыс кептірмегенде, мысалы ысық ауа бас терісіне бағытталса, бас терісі зақымлауы мүмкін. Сондықтан арнайы қорғаныш құралдарын пайдалану және феннің ыстық емес режимін пайдалану ұсынылады. Бас терісін бас киім де зақымдауы мүмкін. Мысалы, тар бас киім кию.

Күйзеліс

Жүйке жүйесіне артық күш түсу тері қышуына әкелуі мүмкін. Бас қышуының себебі күйзеліс екенін білдіретін бір белгі – ол бір уақытта пайда болып, жоғалады.  Бұл күйзеліс кезінде нақты нейропептидтер мен кортизол, адреналин, гистамин секілді гормондар бөлінуімен түсіндіріледі.  

Өздігінен емделу ұсынылмайды. Бас қышуы мазаласа, трихолог маман көмегіне жүгінген жөн.