- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бас ауруының алдын...
Бас ауруының алдын алатын халық емдері
Халық медицинасында бас ауруының алдын алатын жолдар өте көп. Бүгін назарларыңызға солардың бірнеше түрін ұсынамыз.
1. Бір ас қасық шайқурай (зверобой) шөбіне 1 стақан қайнаған су құйып, бетін жауып, 15 минутқа қалдырыңыз. Содан соң сүзгіден өткізіп, асықпай ішіңіз.
2. Таңқурай тосабымен немесе кептірілген жеміс жапырақтарымен шай демдеп ішіңіз.
3. Күреңот, жалбыз, киікоты шөптерін бірдей көлемде алып, үстіне 0,5 литр қайнаған су құйыңыз. Бетіне мата жауып, бір сағатқа қалдырыңыз. Дайын болған соң сүзгіден өткізіп, күніне 2 рет бір стақаннан тұтыныңыз.
4. Көк шай жасап ішуге де болады. Ол үшін сізге азғантай жалбыз бен бір қайнатым даршын жеткілікті. Мұндай шайдың бір шынаяғын ішсеңіз, аурудан тез айығасыз.
5. Қарақаттың кішкентай 5-6 бұтағын кесіп, 30 минут қайнатыңыз. Дайын болған соң бір сағат суығанын күтіп, күніне бірнеше рет 0,5 стақаннан ішіңіз.
6. Егер қан қысымыңыз көтеріліп кетсе, 150 грамм ақжелкек тамыры мен сүйегі жоқ апельсин жемісін еттартқыштан өткізіп, 300 грамм қант қосып араластырыңыз. Содан кейін 1 литр қайнаған су құйып, суығанын күтіңіз. Дайын болған соң сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет тамақ ішерден бұрын бір ас қасығын тұтыныңыз.
7. 1 ас қасық андыз тамырына бір стақан салқын су құйып, 10 сағат күтіңіз. Кейін күніне 3 рет үш ас қасықтан ішіңіз.
8. Сонымен қатар желкеңізге сасыршөп (горчичник) салып жатсаңыз болады. Бірақ одан кейін міндетті түрде мойныңызға массаж жасауыңыз керек немесе бір шынаяқ тәтті шай ішуіңіз керек.
9. Егер басыңыз жиі ауырса, онда сізге қыша (горчица) жеуге тура келеді.
10. Түскі астан кейін бір стақан жалбыздан немесе жөкеден шай демдеп ішуді ұмытпаңыз.
Ж. Исакаев