Бананды күнде жеу керек

Бананды күнде жеу керек
Фото: www.codecheck.info, www.fonstola.ru

Банан жүрек жалғап алуға жақсы. Оны өзіңізбен бірге алып жүруге және қолыңызды жууға мүмкіндік болмаған жағдайда да сыртын ашып жей беруге болады. Бананды жегеннен кейін көңіл-күйіңіз көтеріліп, асқазаныңызға ешқандай ауырлық түсірмейсіз. Бұл жеміс түрі ас қорытуыңызды жақсартып, ішектеріңізді тазалайды. Дәрігер мамандар бананның қанайналымға да әсері мол екенін айтады. Сондықтан бүгін біз сіздерге банан жемісін күнде жеуіміздің себептері мен оның адам денсаулығына пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр.

1. Бананнан ешкім семіріп кетпейді.

Түрлі диетаны ұстанатын адамдар бананнан бас тартып жатады. Өйткені бананда калория көп деп ойлайды. Алайда дәнді бөлкелерге, майы алынған айрандарға, басқа да зиянды заттарға қарағанда бананның пайдасы мол. Оның құрамында көптеп кездесетін жасұнық қарныңызды тез тойдырады және ішектеріңізді тазалайды. Сонымен қатар банандағы пектин элементі бйоыңызға тез сіңеді. Сол себепті банан жегеннен кейін көпке дейін қарныңыз ашпайды. Күніне бір банан жегеннен сіз семіріп кетпейсіз. Керісінше денсаулығыңызға пайда тигізесіз.

2. Құрамында калий көп.

Бәріңізге де жетіспей жататын калий осы жемісте өте көп. Ол жүрек бұлшықетін қатайтып, ағзаңызды жақсартады. Мамандар бананды жаттығудан кейін жеген жақсы дейді. Себебі бананда көп кездесетін калий, магний элементтері бұлшықетіңіздің ауруына жол бермейді және жүйке жүйеңізді де жақсартады.

3. Көзіңіздің көруіне әсер етеді.

Банан сіздің көзіңіздің қараңғыда көруіне де көп әсерін тигізеді. Егер көз ауруларына кез болсаңыз, бұл жемісті жиі жегеніңіз дұрыс.

4. Қан қысымын қалыпқа келтіреді.

Қысымы көтеріліп кете беретін адамдар өздерімен бірге әрқашан банан алып жүруі керек. Өйткені ағзадағы калийдің теңгерімсіздігі кезінде қысым бірден көтеріліп кетеді. Ал банандар оны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Соңғы зерттеулер бойынша, бананның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы көп екені анықталды. Сондықтан ашуға тез бой алдыратын адамдарға банан жеуге кеңес береміз.

5. В тобындағы дәрумендер.

Әйел адамдарға бұл жемістің пайдасы көп. Әсіресе етеккір кезінде В тобындағы дәрумендер түрлі аурудан аман сақтайды. Бананды миы жақсы даму үшін кішкентай балаларға да жеуге болады.

6. Тері ауруларының алдын аласыз.

Бананның құрамында мырыш та бар. Ал ол тері ауруларының алдын алады. Егер бұл жемісті жиі жесеңіз, теріңіздің қабыршақтануы, кұрғап қалуы секілді ауруларды есіңізге де алмайсыз. Себебі бананда Е дәрумені де көп.

Банан ұйқысыздыққа ұшыраған кезде көмектеседі. Сонымен бірге ағзаңызды қатайтып, қалжырап, шаршап жүруден қорғайды. Оның бүйрегіңізге де пайдасы бар. Өйткені ол оны пайдалы микроэлементтермен байытады. Ол үшін күніне бір банан ғана жесеңіз де жеткілікті.

Диеталық банан нанын жасап үйреніңіз.

Бұл нанды алғаш рет америкалықтар ойлап тапқанмен, қазіргі таңда оны бүкіл әлем біледі. Оларда келген қонаққа дастархан жайып, мұндай нанды қою, қонаққа деген үлкен құрметті, қонақжайлылықты білдіреді екен. Сондықтан бұл нанның жасалу жолын сіздерге де ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бананды жақсы көретін жандарға бұл нан өте қатты ұнайтынына кәміл сенімдіміз.

Ингредиенттер:

- 2-3 піскен банан;
- 2 жұмыртқа;
- 60 грамм кілегей майы (егер диетада болсаңыз майды пайдаланбай-ақ қоюға да болады);
- 1 стақан блендерде ұнтақталған сұлы қауызы (қалаған ұныңызды қолдануға болады);
- 1 шай қасық қопсытқыш;
- 100 грамм грек жаңғағы;
- 1 шай қасық даршын;
- және қалағаныңызша жүзім қоса аласыз.

Дайындалу жолы:

1. Алдымен бананнан езбе жасап алып, оған жұмыртқа, даршын және бір салым тұз қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырыңыз.

2. Майыңызды ерітіңіз. Сосын сұлы қауызы мен ұнға қопсытқыш салыңыз. Болған соң барлығын араластырып, үстіне грек жаңғағы мен жүзім қосыңыз.

3. Содан кейін табаға салып, 35-40 минут 180 градус температурадағы пешке қойыңыз.

Егер сүйектеріңізді қатайтқыңыз келсе, міндетті түрде банан жеңіз. Оның құрамында кальций элементі өте көп. Бұл жазбамызды достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Ж. Исакаев