- Негізгі бет
- Денсаулық
- Банан шайы жүйке...
Банан шайы жүйке жүйесін қалпына келтіреді
Үндістанда банан шайы ғасырлар бойы шөл қадыратын емес, емдік сусын ретінде қолданылып келді. Сол себепті бана шайы натуропатия мен йога орталықтарында теңдестірілген тамақтану принциптеріне сәйкес құрастырылған детоксикация бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналған.
Оның көптеген пайдалы қасиеттері мен дәрумендердің қоры болуының арқасында банан шайы көбінесе ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарға, сондай-ақ психо-эмоционалды күйді және жүйкені қалпына келтіруге ем ретінде жазылады.
Құрамы үш қана ингредиенттен тұрады:
Банан - 1 дана.
Су - 0,5 л
Дәміне қарай дәмдеуіштер
Дайындау әдісі:
Бананды жақсылап жуып, үстіне қайнаған су құйыңыз.
Оны қабығын алмай, бірнеше бөлікке кесіңіз. Енді банан бөліктерін қайнаған суға салып, шамамен 15 минут қайнатыңыз. Соңында дәміне қарай даршын немесе бал қосыңыз.
Дайын сусынды сүзіп, қажетті температураға дейін салқындатыңыз. Күні бойы ішіп жүріңіз.
А. Оралқызы