Америкалық ғалымдар балықтың тіндерінен адам ағзасын әлсірететін зат анықтады, − деп хабарлайды Lenta.ru.
Басылымның мәліметінше, теңіз жануарларының тіндеріне түсетін күшті органикалық ластаушылар балықты тұтынған адамға артық токсиндерден құтылуға мүмкіндік бермейді.
Адам ағзасында улағыш заттарды жібермейтін P-гликопротеин (P-gp) ақуызы бар. Ғалымдар күшті органикалық ластаушылардың осы P-гликопротеиннің ішіне оңай кіріп, ағзаны ластайтынын бұрыннан айтып жүрген еді. Дегенмен ғалым Амро Хамдун мен оның ұжымдастары күшті органикалық ластаушылардың P-гликопротеиннің ішіне кірмейтінін, оған жабысып алып, адам ағзасын қорғау жүйесін бұзатынын анықтады.
"Біз мұндай балықты жеген кезде ағзамыздағы маңызды қорғау жүйесінің тиімділігін бұзамыз. Бұл адамдарға да, теңіз жануарларына да қатысты", − деді Хамдун.
Дереккөз: tengrinews