Балдың 10 түрлі емдік қасиеті

Бүгінде ара балының адам денсаулығына пайдалы екендігін білмейтін кісі кемде-кем. Бал қосылған шәй ішсеңіз бойыңыз сергіп, көңіліңіз көтеріңкі жүреді. Алайда балмен емдеудің түрлі-түрлі жолдары мен әдіс-тәсілдері көп екендігін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ендеше оқи отырыңыз.

***

Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет шайса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

***

Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

***

Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әр түрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі - бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уақытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.

***

Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

***

Қан қысымы көтерілгенже зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

***

Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына қосып, аурудан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Сондай-ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

***

Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

***

Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш - төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 - 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.

***

Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы ойылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

***

Бал - жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы айтарлықтай жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі. Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы жақсарады.

Дереккөз: inform.kz