Балаңыздың іші қатқанда...

Балаңыздың іші қатқанда...
Фото: Dreamstime.com

Әр баланың дәрет сындыруының жиілігі әр түрлі. Кейбіреулері күні бойы дәрет сындырмауы мүмкін, ал басқалары, керісінше, тұрақты түрде үлкен дәретке шығып жүруі мүмкін. Бірақ емшек сүтін еметін сәбилер, жасанды сүтті еметіндерге қарағанға сирек дәрет сындырады.

Сәбиіңіз тұрақты дәрет сындырып тұрса, уайымдайтын жайт жоқ. Егер де сәбиіңіз әдеттен тыс ұзақ дәрет сындырмайтын болса, онда оның іші қатып қалған деген сөз. 

Бұндай болып тұрады

Өзіңізді кінәламаңыз! Іш жүрмеу – бұл сәбилердің ішінде жиі кездесіп тұратын жағдай. Баланың жүріс-тұрысын бақылаңыз. Іш қатқан кезде келесі белгілер болады: 

- жұдырық қысып алады
- әдеттегіден тыс айқай
- қорылдауға ұқсас мұрынды қатты тарту
- түрі мен өлшемі құмалақтай қатты дәрет

Одан үлкен жастағы сәбилердің ішінің жүрмеуі сіңір тартылумен ұласуы мүмкін. Олар дәретханаға шыға алмағандығына шағымданып, көп уақытын горшокта өткізуі мүмкін. 

Себептер

Балалар ішінің жүрмеуінің бірқатар себептері бар, бірақ ең басты факторы тамақ болып табылады. Сиыр сүтін көп ішу мен жасұнықтың жетіспеуі –проблеманың басты көздері. 

Бұдан басқа, Сіз баланы горшокқа үйретіп жатқанымен дефекация баланың дәрет сындырудан қорқуының себебі болуы мүмкін. Әсіресе, горшокты ұнатпайтын балалар қырсықтанып дәрет сындыруды қойып, іш жүрмеуге ұшырауы 

Жасұнық

Баланың рационында бүтін дәнді өнімдер, жемістер мен көкөністер секілді жасұнығы жеткілікті өнімдердің бар екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Егер бала тамаққа кірпияз болса, оған ұнайтын жасұнығы бар сұлы немесе қарақұмық ботқасы, салаттағы жас көкөністерді беріп көріңіз. 

Қалай емдеу керек?

Балаңыздың іші қатып қалса, педиатрмен кеңесіңіз. Ол балаңыздың ауру емес екенін білу үшін картадағы жазбаны оқиды. Сондай-ақ, доктор балаңыздың тік ішегін тексеруі мүмкін. 

Баланың дәретінде қан байқаған болсаңыз, міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.

Тік ішекте қатты дәрет тығын секілді кептеліп қалғандықтан, іш қатумен күресудің мақсаты – дәрет сындыруға кедергі ететін кедергілерді жою болып табылады. Ішектің жұмысын жақсарту үшін педиатрыңыз сәбиіңізге глицериндік қатқан майды қоюды немесе балалар клизмасын жасауды ұсынуы мүмкін. 

Кейде жұмсартқыш ретінде үпілмәлік майы да ұсынылуы мүмкін. 

Шыдамдылық

Іш жүрмеу проблемасын шешкен кезде шыдамды болыңыз және балаңызды дәрет сындыра алмағаны үшін ұрысушы болмаңыз. Оны қолдап, жасұныққа бай өнімдерді бере беріңіз. Ақырында дәреті қалпына келіп, барлығы да жақсы болады.

Дереккөз: pamperskz.com

О. Сансызбай