Баланың қызуы ағзасында жүріп жатқан интоксация әсерінен көтеріледі. Үш жасқа дейінгі балаларда дене қызуы 37,5 С˚ болса, қорқатын ештеңе жоқ. Үш жастан асқан балалардың температурасы 38 С˚төмен болса, бірден дәріге жүгірмей, мынадай тәсілдерді қолдануға болады.
• Сұйықтықты көп беру. Омыраудағы бала болса, жиі-жиі емізу.
• Бала жататын бөлменің ауасын тазартып, желдету.
• Қалың киімдерін шешіп, баланы жатқызғанда үстін жаппай, ашық қалдыру не жұқа нәрсені ғана жабу. Сонда денедегі қызу оңай шығып кетеді.
• Бала көп қимылдамай, бір орында жатқаны дұрыс.
• Пиязды қабығынан ашып, ортасынан бөліп, баланың табанына басып, шұлық кигізіп қоюға да болады.
• Маңдайға, қолтыққа, шап аймағына суық суға малынған дәкені басу, уақыт өткен сайын дәкені қайта сулап отыру.
Бұл әдістер балаларға ғана емес, ересектерге де көмегін тигізеді.
Осы тәсілдердің ешқайсысы көмектеспесе балаларға арналған парацетамол не ибуфен дәрісін беруге болады. Баланың қызуы жайдан жай көтерілмейді, демек ағзасында қандайда бір инфекция пайда болды деген сөз, сол себепті үйден емдеп жазып аламын десеңіз де, дәрігерге көрсеткен абзал.