Базарға барсаңыз да, дүкенге кірсеңіз де балаға арналған тамақтың түр-түрін кездестіресіз, жаңа туған нәрестеге беруге болатын қоспадан бастап консервіленген жеміс, ботқа, етке дейін бар. Алайда ата-аналар баланың ата-әжесінің кеңесіне құлақ түрсе де, кейде қателікке ұрынып жатады. Ол ұсақ-түйек секілді көрінгенімен, бала денсаулығына зиянын тигізеді.
Балаға сүтті көп мөлшерде беру. Сәбиге сүттің ешқандай зияны болмайды деген түсінік баяғыдан қалыптасқан. Алайда екі жасқа жетпеген балалардың асқазаны сиыр сүтін оңай сіңіре алмайды. Дәрігерлер табиғи сүттің орнына балаларға арналған сүт қоспасын қолдануды ұсынады, себебі ол темір, мырыш, калий секілді басқа да пайдалы микроэлеменеттерге бай. Бала алты айға жеткенше ана сүтінен ажырамағаны абзал. Ал одан кейін қосымша тамақ ретінде сүтке қарағанда жеміс-жидек, көкөніс, ботқа, ет, балық берген пайдалырақ болмақ.
Ұнтақ ботқасы ең пайдалы ас деп есептеу. Бұл сенім де кеңес заманынан қалған, алайда қазіргі кезде де баласына бөтелкемен сұйық ботқа беретін аналар көп. Ұнтақ ботқасының құрамында крахмал аса мол, сол себепті ол артық май жиналуына әкеп соғады. Сонымен қатар құрамындағы фитин ақуызы бала ағзасына кальций ионын сіңіреді. Баланың тамақтану рационын қарақұмық (гречка), жүгері, күріш ботқалары секілді тағамдармен толықтырыңыз.
Микроэлементтер жеткіліксізідігі. Супермаркет сөрелерінде кездсетін жеміс-жидектер көп жағдайда бізге жеткенше көптеген дәруменінен айырылады. Жай ғана ақбас қырыққабатты алар болсақ, оның құрамындағы кальций 6 есе азайған. Бұл бір ғана мысал, басқаларын өзіңіз саралай беріңіз. Сол себепті қазіргі балалар барлық минералдары, микроэлементтері, дәрумендері бар тағамдарға зәру.