Балалардағы аллергиялық аурулар немен байланысты? Баланың неге аллергиясы барын қалай білуге болады? Оның тұқым қуалайтыны рас па?
Бүгін, 6 мамырда I-BALAQAI YouTube-арнасында сағат 20:00-де аллергия мен оны емдеу жолдары туралы аллерголог-иммунолог дәрігер Гүлжан Әбдіқадірова айтып береді.
I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "Вконтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес береді.
Жүргізуші – журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, танымдық мақала, видео және басқа да пайдалы контенттер жарияланады.
Жоба туралы Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасынан толық білуге болады.
RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.