Балалардың тіс шықырлатуын медицинада бруксизм дейді. Бұл балаларда жиі кездесетін проблема. Баланың түнде тіс шықырлатуы ата-ананы қорқытып, дұрыс емес әрекеттер жасауына итермелейді. Біреулер, ештеңе істемеу керек деген кеңеске құлақ түрсе, басқалары балада жоқ ауруды өздігінше емдейді. Бірақ бұл екі әдіс те дұрыс емес. Ендеше, бала түнде тісін шықырлататын болса не істеу керек?
Балаңыздың тіс шықырлатқанын бір-екі рет байқасаңыз, оның еш қаупі жоқ және ол ешқандай араласуды қажет етпейді. Ал егер ол созылмалы түрге айналған болса, педиатр маманының көмегі қажет.
Баланың түнде тіс шықырлатуының себептері
Түнде тіс шықырлатуды емдеу үшін алдымен себебін анықтау қажет. Ол үшін бірнеше мүмкін факторларды қарастыру керек:
- Тістемнің бұзылуы. Тістердің дұрыс орналаспауы шайнау жүктемесінің дұрыс түспеуін шақырады.
- Психоэмоционалды шамадан тыс жүктеме. Күні бойы бірдеңені уайымдаса және ол сыртқа шықпаса, бала түнде тісін шықырлатуы мүмкін.
- Мұрын-жұтқыншақ бадамшаларының үлкеюі. Аденоидтар (тамақ, көмей бездерінің ісуі) баланың түнде дұрыс тыныс алуына кедергі келтіреді. Нәтижесінде, бала қорылдайды, жөтеледі немесе тісін шықырлатады.
- Үйреншіксіз сезім. Баланың тісі шығып жатқанда оған үйрену үшін уақыт керек.
- Тіс эмалі проблемасы. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеуінен тіс эмалі жұқарады және өте сезімтал болып кетеді. Тісті шықырлату арқылы бала жағымсыз сезімнен арылғысы келеді. Дұрыс орнатылмаған пломба да балаға ыңғайсыздық тудырып, ол тісін шықырлатуы мүмкін.
Баланың эмоционалды күйіне мән беріңіз
Егер түнде балаңыздың тісін бірнеше рет шықырлатқанын және мазасыз (ұйықтап жатып сөйлейді, аунай береді) екенін байқасаңыз, онда себеп - эмоционалды шамадан тыс жүктеме. Бұл жиі сезімтал және өте белсенді балаларда болады.
Сондай-ақ түнгі бруксизмнің пайда болуына күйзеліс әсер етеді. Мысалы: жаңа пәтерге көшу, балабақшаға келу, ата-ананың ажырасуы, үйдегі жиі жанжалдар. Бала күндіз өзінің эмоциясын көрсетпеуге тырысады да, ол жинала береді. Ал түнде ол жағын қысып, тісін шықырлату арқылы сыртқа шығады.
Тіс шықырлату ішек құрттардың (глист) барын білдіре ма?
Халық арасында баланың тіс шықырлатуы ода ішек құрттарының барын білдіреді деген сенім бар. Бірақ олардың байланысы зерттеулермен ғылыми дәлелденбеген. Бұл сенім мектеп жасына дейінгі балалар ішек құрттарымен жиі қиналатындықтан пайда болған болуы мүмкін.
Бруксизм қауіпті ме?
Бруксизм созылмалы сипатқа ие болмаса, бала денсаулығы мен дамуына қауіп төндірмейді. Алайда егер бала тісін бірнеше ай қатарынан және жиі шықырлатса, дәрігерге көріну маңызды. Әйтпесе, бруксизм мынадай салдарларға әкеледі:
Бала тісін шықырлатса не істеу керек?
Бала тісін түнде жиі шықырлатса, педиатрға және балалар стоматологына көрсетіңіз. Сондай-ақ бруксизммен күресуге мына кеңестер көмектеседі:
Үй ішіндегі психологиялық климатты дұрыстаңыз. Баланың көзінше жақындарыңызбен ұрыспаңыз, баламен жиі әңгімелесіңіз, оның сезімдері мен қорқыныштары жайлы сұрап тұрыңыз.
Күн тәртібін реттеңіз. Баланың күндіз ұйықтағаны жақсы. Оның жүйке жүйесіне демалыс керек. Түнгі ұйқыға 1-2 сағат қалғанда белсенді ойындарды тоқтатыңыз. Оның орнына суға түсіріңіз, сурет салғызыңыз немесе кітап оқып беріңіз.
Баланың рационын реттеңіз. Мәзірге қатты көкөністер қосыңыз.