Англияның медициналық журналында басылып шыққан зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бір күнде 3 сағаттан аз отыру адам өмірін 2 жылға ұзартатынын көрсетті.
Зерттеуде АҚШ, Канада, Австралия және Шотландияда соңғы жылдары басылып шыққан қимыл-қозғалыссыз өмір сүруге қатысты 5 мақаланың нәтижелері сарапталған.
Зерттеуге қатысқандар 3 сағаттан аз, 3-6 сағат және 6 сағаттан артық қимылсыз отыру мен теледидар көру уақыттарына қарай (2 сағаттан аз, 2-4 сағат және 4 сағаттан артық қимылсыз отыру) түрінде топтастырылды.
Ғалымдар 2005-2006 жылдары 18 жастағы америкалық жастарды қатыстырған зерттеуін 2009-2010 жылдары қайта жалғастырып, теледидар алдында 2 сағаттан артық отырмаған жастардың денсаулығындағы оң өзгерісті байқаған. Осы қалыпты ұстайтын болса, олардың жасы 1 жыл 3 айға ұзарды, деп болжаған.
АҚШ-та қатерлі ісік бірлестігі 123 мың 216 адамды қатыстыра отырып, жаңа зерттеу тұжырымын ұсынды. Онда бір күнде 6 сағаттан артық қимылсыз отыратындардың денсаулығы бір күнде 3 сағаттан артық отырмайтын адамға қарағанда нашар болатынын, өмір жасындағы айырмашалық шамамен 20% болатынын жазған.
Дереккөз: inform.kz