Балдың пайдасы соншалық, зерттеген ғалымдар қаншама ауруға шипа болатынын анықтаған.
1. Балды қабылдаған адам миының қабілеті жақсарады. Қан айналымы дұрыс болуы үшін қуат беріп тұрады.
2. Әртүрлі қан-тамыр ауруларынан сақтайды, жүрекке оң әсер етеді;
3. Асқазан, ішек ауруына шалдыққанда балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі реттеледі.
4. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
5. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
6. Ұйқысыздық мазаласа, жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі.
7. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, сіңіп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауырғанда емі тамаша.
8. Аузы уылған адам бал жесе тез айығады.
9. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек.