Бал мен даршынның пайдасы

Бал да, даршын да өте пайдалы тағамдар. Ал олардың қосындысы одан да пайдалы. Өйткені бал мен даршынды байланыстыра отырып көптеген аурудың алдын алуға болады. Мысалы төмендегідей:

Жүрек аурулары.

Күн сайын нанға бал жағып, оның үстіне аздап даршын салып жеңіз. Ол қаныңыздағы холестирин мөлшерін азайтып, жүрек бұлшық еттерін қатайтады. 

Әлсіздік.

Балдың құрамындағы қант ерекше күш-қуат береді. Оны даршынмен қатар қолданатын адамдардың көңіл-күйі күні бойы көтеріңкі жүреді. Сондықтан күн сайын таңертең аш қарынға шай қасық бал мен даршынды бір стақан суға араластырып ішіңіз. 

Буын қабынуы.

Егер бұл ауру маза бермей жүрсе, күнделікті 1 стақан жылы суға 2 ас қасық бал және 1 шай қасық даршын қосып ішіңіз. Өйткені ол сіздегі созылмалы артритті де қойдырады. 

Холестерин.

Бар болғаны 2 ас қасық бал мен 3 шай қасық даршынды суға араластырып ішсеңіз болды. 2 сағаттың ішінде холестирин мөлшері 10% азайып, нәтижесін көресіз. Бұл қоспаны күнделікті қабылдасаңыз, холестериніңіз қалыпты күйге келеді. 

Иммунитет.

Бұл тағамдарды күнделікті тұтынып жүрсеңіз, өзіңізді бактериялар мен вирустардан қорғай аласыз. 

Шаштың түсуі.

Басыңыздан шашыңыз түссе, тамырына 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршын жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз.  

Терідегі аурулар.

Қышыма, қотыр секілді тері ауруларыңыз болса, бал мен даршынды араластырып жағыңыз. 

Асқазанның ас қорыта алмауы.

Ас ішер алдында 2 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршынды қабылдаңыз. Бұл қоспа сізге ең ауыр тамақты да қорытады. 

Сурет: youtube.com