Денсаулықтан асқан бақыт жоқ екені белгілі. Ал оны күту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге мынадай пайдалы кеңестерді ұсынбақпыз.
1. Әр таңыңызды күліп қарсы алыңыз.
2. Таңғы ас алдында бір стақан су ішіңіз.
3. Жүгіріп бастаңыз.
4. Темекі мен алкогольден бас тартыңыз.
5. Алдағы күніңізді жоспарлап үйреніңіз.
6. Күн сайын жеміс-жидектер пен көкөністер жеңіз.
7. Позитивті ойлаңыз.
8. Денеңізді тік ұстап жүріңіз.
9. Таңертең жаттығу жасаңыз.
10. Күніне 4-5 рет бір тамақтаныңыз.
11. Лифтті пайдалануды қойыңыз.
12. Таңертең қанжылым душқа түсіңіз.
13. Ұйқыңызды қандырыңыз. Күн сайын бір уақытта жатып, бір уақытта тұрыңыз.
14. Таза ауада серуендеңіз.
15. Киіміңізді бір күн бұрын кешке дайындап қойыңыз.
16. Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіңіз.
17. Басыңызға келген қызықты ойлар мен пайдалы кеңестерді жазып жүріңіз.
18. Күніне таза, газдалмаған суды 2 литрден көп ішіңіз.
19. Ұйықтар алдында бөлмеңізді міндетті түрде желдетіңіз.
20. Күніне 15 минутты тазалыққа бөліңіз.
21. Жатар алдында жуынып жатыңыз.
22. Жұмсаған ақшаларыңызды жазып отырыңыз.
23. Жұмыстан келгеннен кейін 15 минут музыка тыңдаңыз.
24. Аптасына бір рет моншаға немесе саунаға барыңыз.
25. Ас мәзіріңізден фастфуд секілді зиянды тағамдарды алып тастаңыз.
26. Пернетақтаға қарамай басуды үйреніңіз.
27. Ұқыпты болыңыз.
28. Адамдарға қошемет айтып, тілектес болыңыз.
29. Аптасына 2-3 рет 1 сағаттан спортпен шүғылданыңыз.
30. Өлең жаттап, сөзжұмбақ шешіп, шахмат ойнап миыңызды жаттықтырыңыз.
31. Күніне өзге тілден 10 сөз жаттаңыз.
32. Сонымен қатар 30 минутты түрлі шығарма оқуға бөліңіз.
33. Ата-анаңызға себепсіз қоңырау шалыңыз.
34. Арнайы күнделік арнап, жеткен жетістіктеріңізді жазып жүріңіз.
35. Сөз сөйлегенде өзгелер мұқият тыңдайтындай етіп сөйлеңіз.
36. Өміріңіздегі жарқын сәттерді суретке түсіруді ұмытпаңыз.
38. Көзіңізге гимнастика жасаңыз.
39. Қышқыл сүт өнімдерін тұтыныңыз: айран, сүзбе, қоспасыз йогурт, т.б.
40. Егер жұмысыңыз болмаса, компьютердің алдында 2 сағаттан артық отырмаңыз.
Бұл пайдалы кеңестерді әдетке айналдырсаңыз, өміріңіздің күрт өзгергеніне көзіңіз жетеді. Бәрін бүгіннен бастаңыз. Өйткені ешқашан кеш емес.
Сурет: novostink.ru