Бактериялар біз ойлағандай қауіпті емес. Егер микроағзалар болмаса біздің даму үрдісіміз қарқынды жүрмес еді. Біздің үйімізде 100 000-нан астам микроағза кездеседі. Сол кішкентай, көзге көрінбейтін ағзалар адамның бар мәселесінің негізгі шешімі екенін білесіз бе?
Олар қоршаған ортасына сәйкес химиялық затын оңай өзгерте алады. Ғаламшардың кез келген жерінде өмір сүріп, сан алуан затпен қоректенеді. Олар арқылы қанттан алкоголь алып, май өндіруге болады. Электроэнергия мен алтынды да бактерия көмегімен алады.
Зерттеуші Энн Медден әріптестерімен бірге араның денесінде кездесетін жаңа микроағзаның түрін ашты. Дәл сол бактерия қазір сыра өндірісінде кеңінен қолданылып жүр. Медден ашқан жаңа бактерия сыраға балдың дәмін беріп, осы уақытқа дейінгі бактериялардан ерекшеленеді.
Антибиотиктер ше? Иә, кәдімгі ағзамыздағы токсинді микроағзалармен күресуге арналған дәріні де бактерияның көмегімен жасайды. Соңғы 60 жыл бойына нарықта қолданылып жүрген антибиотиктер топырақтан алынған бактериялар арқылы өндіріледі.
Сонымен қатар, егер бактерия болмаса ағаш өспейді. Ал жануарлардың өлі денесі шіріместен қалар еді.
Бұл жай ғана жүз мыңдаған бактерияның бірнеше түрі ғана. Енді елестетіңіз, қалған бактериялар сіздің өміріңізде қаншама ашылулардың себепшісі болуы әбден мүмкін.
Бактериялармен күресіп қана қоймай, оларды қажетімізге жарата білуіміз керек.