- Негізгі бет
- Денсаулық
- Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық...
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханаларға тіркеу жүріп жатыр
15 қыркүйектен бастап азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу басталды. Бұл – әр азаматтың сапалы әрі өзіне ыңғайлы медициналық қызмет алу құқығын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11268 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес 2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді басталуы туралы хабарлайды.
Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.
Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның (www.mz.gov.kz), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында 2017 жылғы 14 қыркүйекте орналастырылды.
Азаматтарды тіркеу ӘМСҚ ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе "Электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінгенде жүргізіледі.
Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.
Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан емханалардың тізімін қарауға болады. Үйіңізге немесе жұмысыңызға жақын емхананы таңдай аласыз.
О. Сансызбай