Бүгін біз сіздерге Америка диетологтарының нәзік жандыларға нұсқаған 7 тағамы жайлы айтып өтпекпіз.
Қызанақ
Қызанақ әйелдерде кеуде қатерлі ісігінің қауіптілігін жояды. Сонымен қатар қызанақ жеген адамды жүрекке байланысты аурулар мазаламайтын болады.
Зығыр дәні
Зығыр дәні "нашар" холестерин деңгейін төмендетеді. Бұл тағам да қатерлі ісік ауруынан адамды ары алып қашады. Әйткенмен, әйелдер жүкті кезінде зығыр дәніне жоламағаны дұрыс.
Орамжапырақ
Орамжапырақ көптеген пайдалы заттарға толы. Оның құрамындағы ақуыздар көз көру мүшесінің жұмысын жандандырса, С дәрумені иммунитетті арттырады. Кальций мен К дәрумені сүйектерді берік етеді.
Майлы теңіз балығы
Майлы теңіз балығын үнемі жеп тұратын әйел босанудан кейінгі қиналысқа жол бермейді. Осы тағам арқылы жүйке жүйесі тынышталып, стресс болу қаупі азаяды. Теңіз балығы мидың жұмысын жақсартып, жүйкені орнына келтіреді.
Мүкжидек шырыны
Мүкжидек шырыны С дәруменіне бай. Иммунитетті берік ететін мүкжидек шырыны несеп-жыныстық ауруына да ем.
Грек йогурты
Қой сүтінен даярланатын сүт ақуыз бен қантқа толы. Грек йогурты сусамыр ауруының алдын алады. Сонымен қатар, тез қартаюға жол бермейді.
Грек жаңғағы
Грек жаңғағы сүт жолдары арқылы пайда болатын аурулардың бетін ары қылады. Сонымен қатар, сүйекті қатайтып, оның саулығына жауап береді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: dzherelo.org