Биік өкшедегі сәнді аяқ-киімнің әдемі көрінетіні шүбә келтірмейді. Алайда өкшенің аяққа тигізетін зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Өкше сүйгіш арулар аяқтарына 15 минуттық жаттығу жасағанды әдетке айналдырғаны дұрыс.
Жаттығуларды күнде, әрқайсысын 4-5 реттен жасау керек.
Аяқ созу
Жерге қабырғаға карама-қарсы отырыңыз. Аяқтарыңызды созып, табандарын қабырғаға тіреңіз. Қалауыңызша жастықшаға отырсаңыз болады. Аяқтарыңызды түзу ұстап, осылайша алдыға қарай барынша еңкеюге тырысыңыз. Жаттығу нәтижесінде балтыр мен сан еттері созылып шынығады.
Саусақтар жаттығуы
Оң аяқты алдыға, сол аяқта артқа қойып тұрыңыз. Сол аяқты алдыға тартып, оң аяқпен қосып саусақтарын жерге қарай қысыңыз. Бірнеше сәтке осылай қалып, кейін саусақтарды босаңсытыңыз. Жаттығуды екінші аяқпен қайталаңыз.
Саусақтарды айқастыру
Орындыққа отырып, сол аяқты оң аяқтың үстіне салып қойыңыз. Оң қолдың саусақтарымен сол аяқтың саусақтарын айқастыруға тырысыңыз. Осындай қалыпта бірнеше сәт отырып, екінші аяқпен де осылайша жасап көріңіз.
V созылу
Қабырғаға қарама-қарсы арқаңызбен жатыңыз. Аяқтарыңызды қабырғаға тіреп латын V әрпі сияқты жайғастырыңыз. Аяғыңызды біртіндеп созып, тартып қойыңыз. Осылайша аяқтың ішкі бұлшық еттері жаттығады. Бұл жаттығу сондай-ақ аяқты ісінуден құтқарады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: woman.ru