Аяқ-қол мұздайды: үнемі тоңудың қауіпті себептері белгілі болды

Кейде біздің аяқ-қолымыз жаздың ыстық күнінде де мұздап жүреді.  Кейбір адамдар ауа райына қарамастан тоңғақ келеді. Womanhit маманмен кеңесіп, үнемі тоңып жүрудің себептері қандай болуы мүмкін екенін анықтады. Белгілі болғандай, кейбір себептер өте қауіпті. Егер сіз осындай мәселеге тап болсаңыз, дәл диагноз қою үшін дәрігерге хабарласыңыз.

Қалқанша безі проблемасы

Қалқанша безінің дисфункциясы үнемі тоңу себептерінің бірі болуы мүмкін. Біздің қалқанша безіміз энергетикалық процестерді реттеуге, соның ішінде дене қызу процесін реттеуге жауап береді. Әдетте, бұл жағдайда сарапшылар аяқтың қаншалықты жиі салқындағанына назар аударады. Егер күндізгі белсенділіктен кейін же аяқ мұздай болса, дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Қан тамырларының дисфункциясы

Қан айналымы бұзылған кезде, жылу қол мен аяққа өте баяу жетеді, тіпті қолғап пен шұлық киіп жүрсе де, аяқ-қол мұздайды. Қан қысымының қалыптыдан қаншалықты төмендейтінін тексеру маңызды. Көбінесе гипотониялық адамдар қысымның көтерілуінен зардап шегеді және осы кезеңде олар тоңады. Терапияны дәрігер тағайындай алады, көбінесе дәрумендер курсынан басталады, дәрумен түрлері мен дозасы дененің күйіне байланысты таңдалады.

Анемия

Анемия кезінде де адам тоңғақ келеді. Қан аздықтың өзі қауіпті екенін ұмытпайық. Егер сіз үнемі шаршағаныңызды сезсеңіз, басыңыз айналып, бозару және кеудедегі ауырсынуға суық қол мен аяқ қосылса, дәрігерге бару керек.

Айта кетейік, бұған дейін аяқ-қолдың мұздау себептерін жазған едік.