Аяғыңыз күнде тоңа ма – негізгі себептері

Қысты күні аяқ тоңу, бір қарасақ, әдеткі жағдай сияқты. Алайда олай емес. Аяқтың жиі тоңуы, мұздап тұруы дұрыс емес. Аяқ жиі тоңып кететін адамның өзі де түсініп жүреді. Кей адамдардың аяғы үнемі мұздап жүреді. Бұл қан айналымының нашарлығынан не басқа да аурулардың белгісі болып табылады.  

Бұл аурулардың кейбірін басталған сәтте-ақ алдын алмаса, асқындырып алуымыз ғажап емес. Ендеше АҚШ-тағы Mayo Clinic (Мая клиникасы) ұсынған деректерге сүйеніп, аяқтың жиі тоңуына әкелетін себептері қарастырып көрейік.

Гипотиреоз

Гипотиреоз ауруы қалқанша безінің қабынуынан пайда болады. Қалқанша бездің белсенділігі азайып, гормон бөлуі қиындайды. Бұл гормондар азайып кетсе, бүкіл ағза мүшелерінің жұмысы нашарлайды. Әсіресе, асқорыту мен ас сіңдіру жүйесіне біршама нұқсан келеді. Сондай-ақ, аяқтың жиі тоңуы да осы гипотиреоздан болады.

Мұндай жағдайда дәрігерге жазылып, тезірек тексерілудің қамын жасау қажет.

Рейно ауруы

Рейно ауруы дегеніміз – ағзаның суыққа шыдамсыздығы, оны жеккөруі. Бұл ауруға шалдыққан адамның табан мен тобық тұсы суық кезде қуарып, кейбір жері көгеріп кетенін байқайды. Ал ыстық кезде қызарып, дуылдап кетеді.

Бұл ауру қан аздықтан да болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге қаралып, жан-жақты анықтаған жөн.

Диабет

Аяқтың жиі тоңуы диабеттен болуы мүмкін. Әсіресе, диабет асқынған кезде, қан ұю жиілейді. Диабет перифериялық неврология мен перифериялық артерияға әкелуі мүмкін.

Күйзеліс

Күйзеліс қанды орталыққа қарайды айдайды да, аяқ пен қолға қан жетпей қалады. Тоңу содан болады.

Холестериннің көптігі

Қанда жаман холестерин көбейіп кетсе, айналымы қиындап қалады. Әсіресе, аяқтағы қан тамырында холестерин көбейсе, мұның соңы жиі тоңу мен аяқтың жиі ұюына әкеледі.