Егістік жайлап өсіп тұрған күнбағыстың адам өмірінде пайдасы ұшан теңіз. Күнделікті асыңыздың әрін келтіретін де сол – күнбағыс майы. Онымен қоса дүкен сөресін толтырып шекілдеуіктер де тұр пісте шаққыңыз келсе. Ал бұл өсімдіктің адам денсаулығына тигізер пайдасы жөніндегі әңгіме өз алдына жеке тақырып. Сонымен зер салып көрейік, ол қандай аурулардың дауасы екен?
Мына жағдайларда күнбағыс өсімдігін қорықпай қолдануға болады:
- Қан қысымы көбейген кезде: 30 грамм кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 грамм сай сағызды суға қайнатып ішкен жөн.
- Омыртқа ауырғанда: 30 грамм күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.
- Туберкулез ауруы кезінде: 30 грамм күнбағыс тамырына су құйып, бір қайнатады да, күніне үш рет ішіп емделу керек.
- Асқазанда ас сіңбесе: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішіңіз.
- Көк жөтел кезінде: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады да, аздап қант қосып ішеді.
- Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағының өзегінен (сабағының ішіндегі ақ етінен) 90 грамм алып, 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.
- Тіс ауруы кезінде: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тістің қақсағаны, тіс етінің қабынғаны басылады.
Ем болсын, ендеше!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: greenmama.ru