Ұлыбританияда ісік ауруынан емделуден жыл сайын 15 000 адам өледі. Аурудың өзінен емес, емделуден қаза тапқан адамдар саны осындай. Бұл туралы Лорд Сати (Lord Saatchi) айтқан екен.
Жарнама саласында аса сәтті қадамдар жасай білген бақуатты Лорд Сатидың әйелі Жозефин Харт ісік дертінен 2011 жылы қайтыс болған. Бұдан кейін ол денсаулық саласына көп ақша бөлуге қарсы ұйым құрған. «Біз емделушінің нақты неден қайтыс болатынын білмейміз, ісік ауруынан қайтыс болды ма, әлде сәтсіз емдеуден өткеннен кейін ағзаға зиян тиді ме? Ісік ауруынан емдейді делінген дәрі-дәрмек адам ағзасына қандай зиянын тигізетінін білмейміз. E.coli немесе MRSA әлде сепсис инфекцияларына адам бұл дәрі-дәрмекті қабылдаған соң, төтеп бере алмай қалуы әбден мүмкін» дейді қапалы Лорд.
Сонымен қатар, оның айтуынша ісік жұқтырғандардың нақты неден қаза тауып жатқандығы белгісіз, ал әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының статистикасында Ұлттық статистика басқармасы бір ғана диагноз қоятыны белгілі болған. Лорд-Хау статистикалық деректерді жинаған соң, өлімнің себебі ешқашан нақты аталмағанын айтып өтті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: socialmedik.com