Нейробиолог Гермес Гермес Солензол (Hermes Solenzol) өзінің мақаласында аурудың қоздырғыш рецепторлар арқылы миға жететінін жазған болатын. Ауру рецепторлары ноцицептор әр түрлі жүйке талшықтарының жиынтығы. Ірі талшықтар жылдам сезілетін ауруларды жеткізеді, мысалы екпе салу барысындағы иненің денеге батуы. Ал, ұсақ талшықтар баяу қызмет етеді, олар созылмалы әрі баяу ауруларды миға жеткізеді. Бұл рецепторлар қосыла отырып, терінің, бұлшық еттің, буындардың және ұлпалар мен ішкі ағзалардың сезімталдылығына жауапты. Жауапты жүйке талшықтары бірікке нейрондар жұлындағы жүйке түйінінде орналасады. Бұдан қауіп төнгені туралы ақпараттар жұлынның артқы түйініне түседі. Ауру қоздырушы жүйке талшықтары бірін-бірі басып тастауы мүмкін. Мысалы, ұсақ талшықтар арқылы жеткізілген созылмалы әрі баяу ауру түрін, ірі талшықтар жеткізге жылдам ауру түрлері басып тастайды. Нәтижесінде, сіз созылмалы дертті сезбейсіз. Дегенмен, оның қоздырушысы әлі денеде болады. Белгілер мида өндіріледі:Жұлыннан ауру туралы ақпарат миға түседі: ми діңгегі арқылы таламус мидың ақпаратты өндіру аймағы. Таламустың түрлі аймағы ауруды оның деңгейіне қарай жіктейді.