Ауру айтып келмейтінін бәріміз де жақсы білеміз. Кейде өзіміз де аяқ астынан ауырып қалып, үйдегі заттармен емделіп жатамыз.
- Басыңыз ауырған кезде немесе ұйқысыздық мазалап жүрсе, шетен жидегін жегеніңіз дұрыс.
- Жаңғақтың қандай түрін болса да тұтыныңыз. Өйткені ол қандағы холестирин мөлшерін төмендетеді.
- Егер тамағыңыз ауырса, ұйықтар алдында ара желімін ұртыңызға салып жатыңыз. Ал күндіз тамақтан соң қолдансаңыз, 2-3 күнде ауруыңыз басылады.
- Қолыңызды сындырып алдыңыз ба? Гипс шешілгеннен кейін тоқыма тоқу қолыңызды тез арада қалпына келтіреді.
- Күніне бір рет қызыл иегіңізді теңіз тұзымен тазалап тұрыңыз. Сол кезде тісіңіз қатты әрі қанамайтын болады.
- Блефарит, конъюктавит және көз айналасының қабынуы кезінде эхинацея тұнбасы таптырмас ем.
- Қатты жөтел кезінде самырсын майын 3-5 рет таңертең және жатар алдында тамағыңызға тамызыңыз.
- Қанжелді (пародонтоз) ара желімінің көмегімен емдеуге болады. Оны селдір матаға орап, қызыл иектің екі жағына қоясыз. Осылай бір апта тоқтамай қайталасаңыз қанжелдің алдын алуға болады.
- Егер қолдарыңыз бақшадан кейінгі жұмыстан қарайып, жай сабынмен жуғанға кетпесе, онда сабынға 1 шай қасық қант қосып жуыңыз.
- Қысымыңыз көтерілді ме? Самырсын майын кішкене шақпақ қантқа тамызып, күніне екі рет сорыңыз.