- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әуен диетасы...
Әуен диетасы
Ғалымдар жасасын! Олар ақыры адамды аштық пен ауыр спортқа салмай, арықтаудың жолын тапты.
Жаңа диета әуеннің ағзаға деген әсеріне негізделген екен. Ғалымдардың айтуынша, күнделікті түскі және кешкі асты әуен тыңдап отырып жесеңіз, тағамның әлдеқайда көп бөлігі тәрелкеде желінбей қалды. Жайлы жарықтандыру мен тыныш жақсы әуен 18%-ға желінетін тамақты кемітіп, рахаттанып тоюға көмектеседі-мыс.
Өздерінің тәжірибелерін ғалымдар тез тамақтану асханасында өткізген. Асхана қонақтары 949 калорияның орнына 775, яғни 175 калорияға кем жеген екен. Бұған әсер еткен залдағы жайлы жарық пен бәсең әуен. Адамдар үйреншікті тамағына тапсырыс беріп, бірақ осы жолы оны рахаттанып, асықпай жеген екен.
Бұл жаңалықты өзіңіз де тексеріп көрсеңіз болады. Тамақ жегенде теледидар қарағаннын орнына көптен естімеген сүйікті әуеніңізді қосып, асықпай тамақтаныңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com
С. А