- Негізгі бет
- Денсаулық
- Астан кейінгі 5...
Астан кейінгі 5 әдетке тыйым
Тамақтанып алған соң ғылыми тұрғыда төмендегі кеңестерге ден қойғаныңыз жөн.
- Ас ішіп болған соң, шәй ішуге болмайды екен. Бізде ас ішіп, іле шайға отыратын әдет қалыптасқан. Шәй асқазандағы тамақтың сіңірілуіне кедергі келтіреді. Оның үстіне улы заттардың адам денесіне сімірілуін арттырады. Қою, қанық шәй тіпті де зиян.
- Астан кейін темекі тартудың зияны тым ауыр. Астан кейін асқазан қызметі қозғалысқа енеді. Мұндай сәтте темекідегі улы заттарды сіміру қуаты да артады екен.
- Астан кейін суық ішімдік ішуге болмайды. Асқазанның суық және ыстыққа деген сезімталдығы жоғары. Астан кейін суық су ішу асқазандағы тамырлар мен белгілі орындардың тартылып қалуын келтіріп шығарады. Бұл ас қорытуға ғана зиян келтіріп қоймай, созылмалы ауруға да душар етеді.
- Астан кейін дереу жеміс-жидек жеуге болмайды. Алма секілді жемістерде қант құрамы көп болатындықтан, ол ішек жолдарына бармай, бірден асқазанда тұрып қалады. Сонымен созылмалы асқазан ауруларына душар етуі мүмкін. Сондықтан да жеміс-жидекті ас қорытылған соң ғана жеу керек.
- Астан соң дереу жуынуға болмайды. Жуынға кезде қан әдетте дененің сыртқы бөліміне қарай ағылады. асқазанға баратын қан мөлшері азаяды. Сонымен ас қорыту жүйелері қалыпқа түспейді. Тойып тұрғанда жуынудың бұдан басқа да зияны көп.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек