Стэнфордтағы Медицина мектебінің ғалымдары аспириннің меланомадан қорғай алатындығын анықтады.
Мамандар 12 жыл бойы терісі ақ түсті америкалықтарды бақылауға алып, статистикалық материалдар жиған. Зерттеу жұмысына ұзын саны 60 мың әйел адам қатысқан.
Мәліметтер талдаудан өткізілген соң, пациентер аптасына кем дегенде 2 рет аспирин қолданған кезде меланоманың одан әрі асқынуының ықтималдылығы 21 пайызға азайғандығы белгілі болған.
Ғалымдардың айтуынша, аспиринд жиі қолданған тәжірибеге қатысушы 15 мың әйелдің 115-інде меланома пайда болған, Ал 35,5 мың ешқандай препарат қолданбаған нәзік жанды арулардың тек 344-інде ғана тері ісігі орын алған.
Зерттеушілер, осылайша, аспирин терідегі ісіктердің өсуін белгілі мөлшерде баяулатады деген шешімге келіп отыр.
Медиктер, сонымен қатар, меланомадан сақтанудың бірден-бір жолы уақытты күн астында өткізуден қашу екендігін ескертті.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: wellnews.ru