- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аспирин дәрісін күн...
Аспирин дәрісін күн сайын ішуге болмайды – Алмаз Шарман
Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман аспирин дәрісін неге күн сайын қолдануға болмайтынын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгілі ғалым Алмаз Шарман өзінің Facebook-тегі парақшасында АҚШ-тың (US Preventive Services Task Force) профилактикалық медицина жедел тобы зерттеулерінің нәтижелері туралы жазды. Олар төмен дозалы (81-100 мг) аспиринді күнделікті қабылдаудан бас тартуды ұсынды. Бұл - жүрек ауруы мен колоректалды рактың бастапқы профилактикасы үшін қажет.
Н. Үсенова«Зерттеу тобы аспирин қабылдаудан қан кету қаупі жоғарылайды деген шешімге келді. Аспирин қабылдаған адамдар пайдасы мен тәуекелін өлшеу үшін дәрігерлермен кеңесу керек. Ацетилсалицил қышқылы (Aspirin) және clopidogrel (Plavix) сияқты антиагреганттық препараттарды қабылдаудан қан кету қаупі жоғары, бұл азиялықтардың, атап айтқанда корейлер мен жапондардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты, бұл антиагреганттық препараттардың ассимиляциясында (метаболизденуінде)» - деп жазды Алмаз Шарман.