Асқазан ауруының, оның ішінде гастрит пен жараның пайда болуына дұрыс тамақтанбау себеп емес. Бұл ауруды тудырушы басты себеп – бактерия.
Асқазан ауырса, дұрыс тамақтанбаудан немесе тамақ ішпеуден, ащы тағам көп жеуден деп ойлауымыз мүмкін. Көбісі олай ойлары хақ. Алайда ғалымдардың айтуынша, асқазан ауруын тудыратын басты нәрсе – бұл хеликобактер пилори атты қаскүнем бактерия. Ал ащы мен ыстық тамақ ішу, ішімдік тұтыну мен темекі шегу аталмыш бактерияның ауруға айналуына себеп болады.
Ал бактерия адам ағзасына қалай түседі дегенге келсек, оның жолы көп. Қоғамдық ортадан, лас жерден жұқтыруымыз мүмкін. Дәретханадан шыққан соң қолды жумау да жұқтыруға себеп болуы ықтимал. Инфекцияны жанұядағы бір адам жұқтырса, қалғандарына да жұқтырары белгілі. Сондықтан ғалымдар қолды жуі сабындап жуып жүруге кеңес береді.
Бұл бактериямен күресудің негізгі жолы – медикаментоз (дәрі-дәрмек). Оны дәрігер белгілеп береді.
Жақында хеликобактер пилоридің коронавирустың жұғуына жолсерік болатыны анықталған. Бұл бактерия тыныс алу жүйесінің қорғаныш қабатын бұзып, коронавирустың өкпеге өтуіне оңай жол салып беретін көрінеді.
Сондықтан қазір хеликобактерден қорғанудың маңызы зор.
Коронавирус пен хелибактерден қорғанудың қарапайым амалдары бар. Ол – қолды сабындап жуу, барынша жиі, жеміс-жидекті жуып жеу, қолды жумай тұрып ауызға салмау. Бетперде де – бактерия мен вирустан қорғанудың бірден-бір жолы.