Асқазан ауруларының алдын алатын емдік май жасайық. Ол үшін:
- 200 грамм жібіген кілегей майы;
- бір шай қасық мыңжапырақ шөбі;
- шайқурай шөбінен бір шай қасық;
- қырмызы гүлінің бір ас қасығы қажет болады.
Жоғарыда айтылған шөптерді алып, барлығын ұнтақтаймыз. Содан соң дайын болған ұнтақты кілегей майымен араластырамыз. Сонда хош иісті шөптен алынған май пайда болады.
Одан кейін бидай немесе қарақұмық нанын алып, үстіне осы дайындалған емдік майымыздан бір шай қасық жағып, тамақ ішерден жарты сағат бұрын жеу керек.
Бұл бутерброд асқазаны ауыратын адамдарға таптырмас ем. Себебі шөптер (әсіресе шайқурай) ауруды басса, май асқазан жұмысын реттейді. Ал қара нан асқазан сөлін бөліп шығаруға көмектеседі.