Оңтүстік Кореяның ғалымдары шаштың өсуіне септігін тигізетін, әсіресе, сиреп бара жатқан шашты сақтап қалудың жолын тапты. Пусан ұлттық университетінің медицина ғалымдары андрогенді алопеция анықталған 76 қатысушыны алып, асқабақтың дәнінен алынған майды жағып тәжірибе жүргізіп көрген. Плацебо әсерін анықтау үшін тағы қосымша тәжірибе жүргізілген.
Пациенттер күніне 400 мг асқабақ майын жаққан екен. Бақылау 6 айға жалғасқан. Ғалымдар қатысушылардың бұрынғы және кейінгі фотосуреттерін салыстырып, асқабақ дәнінің майын жаққан адамдардың шашы өскенін, шамалы қалыңдағанын байқаған. Яғни, шаштың өсуімен бірге қалыңдауы қатар жүрген.
Ал тәжірибеге қатысқандар плацебо кезінде жүргізілген тәжірибеге қарағанда асқабақ майын жағып өткізген тәжірибеден жақсы жаққа өзгеріс байқалғанын айтқан.
Зерттеушілердің мәліметше, қатысушылардың шашы орта есеппен 40 пайызға дейін өскен. Ал екінші топтікі 10 пайызға өскен көрінеді.