Қарапайым бақшада өсетін асқабақ өте маңызды антиоксиданттар мен дәрумендерге толы болады. Ол тропикалық жеміс түріне жатпағандықтан, калорийге бай емес. Бірақ құрамында А дәрумені мен лютеин және ксантин секілді калоридтердің орнын баса алатын антиоксиданттар кездеседі.
Асқабақ әлемнің барлық дерлік аймағында өсуге бейімделген. Ол асқабақ тәрізді қияр, канталупа қауыны секілді жерге өрмелей өседі. Ғалымдар асқабақ тәрізді көкөністердің құрамы мен құрылымына орта ғасырлардан бері қызығушылық таныта бастаған.
Олар түр, көлем және гүлдеріне қарай ажыратылады. Үлкен асқабақтар 4-6 келіге дейін барады. Тіпті ең көлемділерінің 25 келі салмаққа жетуі да кездеседі. Алтын түсті асқабақтар көлемі кішілеу болып, сыртқы түсі де тоқ сары болып келеді.
Асқабақтың денсаулыққа пайдасы
Кез келген көкөніс немесе жемісті тұтынудан бұрын дәрігерден кеңес алған дұрыс. Себебі ең пайдалы болған көкөністердің өзінде де жеке адамның денсаулығына қатысты аллергиялық ферменттер бар болуы ықтимал.
Асқабақ ең төмен калоридті көкөністердің санатына кіреді. Оның энергетикалық құндылығы 100 граммда 26 килокалорий болып келеді. Сондақ-ақ, асқабақтың құрамында холестерин де, майлы ферменттер де кезікпейді. Аталған көкөніс холестерин деңгейін бақылап, артық салмақтан арылғысы келетіндерге диеталық азық ретінде ұсынылады.
Сонымен қатар, асқабақ күндік тұтыну қажеттілігін 246 есеге арттыра алатын А дәруменнің 7384 халықаралық бірлігін (МЕ, IU) қамтиды. А дәрумені адам терісінің толыққанды дем алуын қамтамасыз ететін табиғи антиоксидант болып келеді. Ол, сонымен қатар, көздің көру сапасын тұрақты қалыпта ұстауға көмектеседі. Ғылыми тәжірибелердің нәтижесі көрсеткендей, А дәруменіне бай көкөністер өкпе мен тыныс жолдарында пайда болатын қатерлі ісіктің пайда болуынан қорғай алатын белгілі бір қорғанышты қабатты құрауға көмектеседі.
Асқабақтың құрамында альфа- және бета-каротин, криптоксантин, лютеин және зеаксантин секілді табиғи полифенолды антиоксиданттар бар. Каротиндер көбіне А дәруменінің ағзасында қалыптасады. Зеаксантин көзде болатын сары дақтар құрамындағы ультракүлгін сәулелерді тазалайтын табиғи антиоксидант болып табылады. Бұл табиғи тазалау процесі әсіресе жасы үлкен кісілерді көз ауруларынан «age-related macular disease» (ARMD) сақтайды.
Асқабақ тәрізді көкөністер фолат, никотинді қышқыл, пиридоксин, тиамин және пантотенді қышқыл секілді В дәрумендеріне де өте бай. Оған қоса, мыс, кальций, калий және фосфор элементтерін қажет ететін адам ағзасына да ақсабақ тұтынған пайдалы болып есептеледі.
Асқабақтың тұтыну қажеттілігі
Төменде келтірілген ақпаратта адамның бір күндік тұтыну қажеттілігі пайыздық көрсеткішпен берілген.
Жалпы ақпарат:
энергетикалық құндылығы — 26 килокалорий (1%);
көміртегі — 6,50 грамм (5%);
ақуыз — 1,0 грамм (2%);
май — 0,1 грамм (0,5%);
холестерин — 0 миллиграмм (0%);
Дәрумендер:
фолат — 16 микрограмм (4%);
никотинді қышқыл — 0,600 миллиграмм (4%);
пантотенды қышқыл — 0,298 миллиграмм (6%);
пиридоксин (B6 дәрумені) — 0,061 миллиграмм (5%);
рибофлавин (B2 дәрумені) — 0,110 миллиграмм (8,5%);
тиамин (B1 дәрумені) — 0,050 миллиграмм (4%);
A дәрумені — 7384 халықаралық бірлігі (МЕ, IU) — 246%;
C дәрумені — 9,0 миллиграмм (15%);
E дәрумені — 1,06 миллиграмм (7%);
K дәрумені — 1,1 микрограмм (1%).
Электролиттер:
натрий — 1 миллиграмм (0,5%);
калий — 340 миллиграмм (7%).
Минералдар:
кальций— 21 миллиграмм (0,5%);
мыс — 0,127 миллиграмм (14%);
темір — 0,80 миллиграмм (10%);
магний — 12 миллиграмм (3%);
марганец — 0,125 миллиграмм (0,5%);
фосфор — 44 миллиграмм (5%);
селен — 0,3 микрограмм (<0,5%);
цинк — 0,32 миллиграмм (3%).
Фитонутриенттер:
альфа-каротин (α-каротин) — 515 микрограмм;
бета-каротин (ß-каротин) — 3100 микрограмм;
бета-криптоксантин (ß-криптоксантин) — 2145 микрограмм;
лютеин-зеаксантин — 1500 микрограмм.
Асқабақты қалай таңдау және сақтау жолдары
Асқабақ жыл он екі ай сатылады. Сатып алу кезінде сыртын қолыңызбен сығындап көріңіз. Егер ағаштың сыртқы қабаты секілді қатты болса, ол нағыз піскен кезіндегі қалпы болады. Ұрылған немесе соғылған әрі жұмсақ болған асқабақты алмағаныңыз жөн.
Піскен асқабақтар салқын жерде көпке дейін өз қалпын сақтай алады. Ал ашылған немесе кесілген асқабақты тек тоңазытқышта, оның өзін де бірнеше күнге ғана сақтауға болады.
Сурет: www.niceimage.ru