"Ашыққан адам жетістікке көп жетеді" дегенді жиі естиміз. Әсіресе, бұл – коуч-тренерлердің сүйікті сөзі. Санасы мен денесі ашыққан адам табыс табу мен қиындықтан шығудың жолын қарастырары атам заманнан белгілі.
Егер адамзат ашықпаған болса, мұндай эволюцияға, технология мен ғылымға қол жеткізбес еді. Ашықпаудың жолын іздеген алғашқы адамдар табиғатты игеріп, жер өңдеді, жануарларды қолға үйретіп, мал асырады. Мұның бәрі терімшілік пен аңшылықтан шығуға жол ашты. Сөйтіп өркениетке қол жеткізді. Әрине, бұл – эволюция заңдылығы.
Алайда ашығудың биологиялық тұстары да бар. Медицинада ашығуды аурудың алдын алу мен ми қызметін жасқартуға қолданады. Мәселен, ғалымдар ас қорыту, ішек қызметін жүргізетін пептидті гормон – грелиннің адамның тәбетін ашып, ашығуын жеделдететін қасиетімен қатар, ми жұмысын да жақсартатын көмегі барын анықтаған. Ашыққан денеде биологиялық құбылыс іске қосылып, тазару мен жаңару жүреді.
Яғни, ашыққан адамның миында жаңа жасушылар пайда болады да, содан ми қызметін күшейеді әрі кәріліктің алдын алады.
Ғалымдар грелиннің миға пайдалы екенін дәлелдемек болып, гормонның бірнеше тамшысын миға егіп көрген. Сонда мидың нейрогенезіне – жаңа жасушаларды шығару үрдісіне жауап беретін гендердің іске қосылғанын байқаған.
Ал тышқандарға жасалған тәжірибеде кеміргіштердің есте сақтауы жақсарып, үйренуге де деген қабілеті артқаны байқалған.