Медицинаға не өзге де ғылыми дәлелдемелерге сүйенсек, ашығудың көптеген пайдасы бар. Қарапайым мысал ретінде, семіздіктен арылу, ішкі айналымды реттеу, тұрақты рацион қалыптастыру, қан айналым мен ас қорыту жүйелерін жақсарту, ішкі организмді барлық зиянды заттардан тазалау, т.б. Себебі адам баласының асқазанының саулығы бет-әлпетте көрініп тұрады. Сондықтан да бүгінгі таңда аштықпен емдеу деген түсінік қалыптасып, кәнігі профилактикалық емдеу тәсілі ретінде пайдаланылады. Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Оны сонау көне заманнан бері барлық халықтар қолданып келеді. Айталық, бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиад та қолданған. Грек ойшылы Плутарх Дәрі ішкенше екі күн ашыққаным артық деген. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. Каббала деп аталатын еврейлердің құпия ғылымы мен мистикалық пәлсапасы да ашығуға оң көзқарас танытуда. Пифагор (б.з.д. VI ғасыр) өз шәкірттеріне математика мен пәлсапа ғылымының қыр-сырын үйретер алдында рухани тазару әрі ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында олардан 40 күн ашығуды талап ететін болған. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген. Тіпті, ол дәстүр әлі күнге Үндістанда да бар. Мәселен, Үндістанның рухани көсемі Ганди жиі-жиі ішіп-жеуден тыйылып тұруды ұнатқан. Ганди ашығуға денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан да баға берген. Ашығудың түрлері. Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығуға немесе құрғақ түріне жатады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді. Ашығушыларға кеңес Ашығар алдында тамақты көп жеуден бой тартыңыз. Ең дұрысы: кешкілік сүзбе, көкөніс салаты сияқты жеңіл-желпі кешкі ас ішіңіз. Содан ертеңіне таңертеңнен бастап кешке дейін су ғана ішіңіз. Бұл бір тәуліктік ашығу. Ал екі-үш тәуліктік ашығу кезінде тек сумен шектелу қажет. Ашығудың алғашқы күнінде көңілді тыныштандыратын музыкаларды тыңдап, таза ауада серуендеген жөн. Физикалық және ақылмен белсенді айналысатын істерден аулақ болу керек. Егер екінші күні де өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда 72 сағаттақ ашығуға кедергісіз көшуіңізге болады. Далаға серуенге шыққанда жылы киініңіз. Ашығу барысында байқалатын алғашқы кездегі әлсіздік, ұйқысыздық кейін келе жоғалады. Тіліңіздің ұшындағы сары немесе ақ түсті түйіршектер кейін жоғалып кетеді. Одан қорқудың жөні жоқ. Аузыңызға келген сілекейді жұтпай, түкіріп тастап отырыңыз. Ашығу кезінде улы заттар денеден шығады, сілекейде де сондай залалды заттар болады. Ашығудың әсері. Ашығу кезінде ағза қандай күй кешеді? Ашығу нәтижесінде венуланың қыл тамырлармен тоғысқан жерінде бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс ол күш деген сөз. Ал ашығу сол бос қуысты жасау арқылы адам денесінің тұтастай қозғаушы күшін тудырады. Сумен ашығудың пайдасы Ең алдымен, ағзаларыңыздағы иммунды қуат көбейеді. Бұл қуат бойыңыздағы барлық ауруларға қарсы тұратын, адам денсаулығын қорғайтын қуат. Адам ағзасы тазарады. Ас қорыту сияқты ауыр бейнеттен құтылған ағзалар тынығады, соған орай психикалық тынығу, яғни уайым-қайғыдан арылып, жүйкенің тынышталуы байқалады. Ашығудың тағы бір үлкен пайдасы: бір күнгі ашығу адам ағзасын үш айға жасартады дейді ғалымдар. Яғни, адам неғұрлым көп ашықса, соғұрлым жасара түспек. Артық салмақтан зардап шегіп жүргендер үшін ашығудың ең үлкен нәтижесі: бойдағы жиналған майдан арылу, артық салмақтан құтылу болып табылары анық. Ашығу міндеті, әсері жөнінен төмендегі топқа жіктеледі: 1.Тұрақты тепе-теңестірілген қорек. 2. Екінші ішекті тазалап, ағзадан уларды шығарады. 3. Қорғаныс қабілетін (иммунитет) реттейді. 4. Әріңізді кіргізеді, сондай-ақ жасарып құлпырып кетесіз. Ашығу өзіңді бірдемеден тежеу емес, керісінше тамақтану. Сен өз тәніңді тамақтан тежеген мезетте басқа денелерің жұмыс істей бастайды. Ашығу - тек тамақтан бас тарту емес, кейбір сезімдерден, өзіңді мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан да бас тарту. Үнемі жеу, ішу, шоғырлауға құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды да үйрену қажет. Топтастырып, жинау кері кетуіңді үдетеді. Әрбір жаман ойың, сезімің және қалауың, қыстағы ағаштың бұтағына жабысқан қырау сияқты. Қырау еру үшін көктемгі күннің шуағы қажет, сол мезетте біз өзімізбен өзіміз боламыз. Қай уақытта ашыққан дұрыс? Ашығу денсаулыққа жетелейтін салауатты өмір сүрудің әдеті, егер жағдайы келсе кімнің болмасын да, аптасына 24 сағат ашыққаны дұрыс болар еді. Осы мезетте рухани істермен ғана шұғылданыңыз: Өзіңізді шабыттандыратын жақсы кітап оқып, жанға жайлы әуен тыңдап, сезіміңіз бен ойыңызды тазалаңыз. Бірнеше тәулік бойы ашығу пайдалы, бірақ осы кезеңге сәйкес қолайлы жағдайың болу керек. Ашығуды демалыс күндері, не демалыс айларында ұстаңыз. Ашыққан кезіңізде ауа тамақты алмастырады, сондықтан да ашығуды таза ауасы бар жерде өткізуге тырысыңыз, саяжайыңызға жалғыз кетіп қалсаңыз тіптен жақсы, ал ауылды жерлерде тұратын ағайындарда осы мүмкіншіліктердің бәрі де бар. Ашығудың көмегімен қалай толуға болады? Көптеген адамдар салмағының аздығынан зардап шегеді. Олардың көпшілігі менен көмек сұрап, салмақтарын көбейту үшін арнайы мәзір тағайындауымды өтінеді. Олардың кейбіреулері жаз күндерінің өзінде де тымауратып, тоңып жүреді. Бұған қоса олар өздерінің арықтығынан ұялады. Олардың түсінігінше ашығу олардың жағдайын тіпті төмендетіп жібереді. Тамақ пен тамақтану бір ұғым емес, құрамы майлы, көміртегі көп, қант, сүт, кілегей және т.б. майлы тамақтар қосылған мәзір жасауға болады, бірақ бұлар салмақ қосуға тіпті де көмектеспейді, олар осындай тамақ ішсе одан сайын арықтай түседі. Адамның салмағы қанша тамақты жеп ішкеніне байланысты емес, оның ағзаға қанша мөлшерде сіңуіне байланысты. Сіңіру нашар болғанда, қанша майлы, күшті тамақ ішсең де жұмырыңа жұқ болмайды, салмақ қосып семірмейсің. Қалыптан тыс арықтау, денсаулықтың жалпы нашарлауының белгісі. Сіңіру төмен деңгейде болса, көп тамақ ішкеннің мүлдем пайдасы жоқ. Салмақ қосудың құпиясы мынада, ашығудың көмегімен тамақ сіңірудің жұмысын жақсарту. Салмағы төмен адам, тек ашығу арқылы ғана тамақ сіңіру механизімін қалпына келтіре алады.