«Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалды кішкентай кезіңізден естіп келе жатқан шығарсыз. Ашу денсаулыққа зиян. Ол түрлі ауруға шалдықтырып, күйзеліске түсіреді. Мұны ғалымдар да растап отыр. Кезекті материалымызда ашудың денсаулыққа қандай зияны бар екендігі туралы жазуды жөн көрдік.
Басы
Өкпені зақымдайды
Темекі тартпасаңыз, өкпеңіз сау болады деп ойлайсыз ба? Егер қызуқанды адамдардың қатарында болсаңыз, өкпеңізге қауіп төніп тұр. Гарвард университетінің мамандары шамамен 700 адам қатысқан зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ашуланшақ адамдардың өкпесі ауыратындығы анықталған. Өкпеде күйзеліс гормондарының салдарынан ісіну процесстері жүреді.
Ойланып қарасаңыз, бақытты адамдар, расымен де, ұзақ өмір сүреді. Олардың күйзеліске шалдығуына еш себеп жоқ. Денсаулықтарында да «ақау» жоқ. Егер үнемі күйзеліп жүре беретін болсаңыз, өз өміріңізге өзіңіз балта шабасыз. Бұл туралы медицина университетінің ғалымы Крис Айкен жазған екен.
Ашу маскүнемдікке алып келеді
Ашуланған кезде адам не істеп, не қойғанын білмей қалады. Тығырықтан шығудың жолын іздейді. Ақырында ішімдікке салынады. Артынша мұны әдетке айналдырады. Сөйтіп үнемі ішімдік ішетін болады.
Қосымша ақпарат
2001 жылы мәңгілік өмірдің гені табылған. Ғалымдар адамның өмір жасын ұзартудың түрлі тәсілін қарастырған. Зерттеу жұмысы барысында табиғаттың адамға берген жасы 110-120 екенін анықтаған. Біз бұл жастан артық өмір сүрмеуіміз мүмкін. Бірақ ақыл-есімізді, денсаулығымызды «тың» қалпында ұстай аламыз. Адам өмірінің ұзақтығының ¼ бөлігі генге, қалғаны сырттан келген әсер етуші факторға байланысты.