Дұрыс тамақтану – денсаулық пен сымбаттылық кепілі. Аш қарынға тамақтанғанда, кейбір ережелерді ұмытпаған жөн.
Цитрустар
Цитрус жемістерін аш қарынға жеу аллергия, гастрит қоздыруы мүмкін. Апельсин шырынын ішпес бұрын, тамақтанып алған дұрыс.
Банан
Бананның құрамында магний элементі көп болады. Ол жүрек-тамыр жүйесін реттейді, алайда аш қарынға желінген банан кальций-магний байланысын бұзуы мүмкін.
Піспеген көкөністер
Көкөністердің құрамында болатын табиғи қышқылдар ішек шырышының қабынуының бірден-бір себебі. Бұл асқазандағы ойық жаралар мен гастритке әкеле алады.
Йогурт
Таңқаларлық жайт. Йогуртты пайдалы, дәмді, аш кезде қарынды тез тойдыратын ас деп санаймыз. Алайда, әсіресе таңертең асқазанға йогурттың құрамындағы бактериялар аса қажет емес екен. Йогуртты қарын ашқанда жеудің еш пайдасы жоқ. Одан да оны таңғы астан кейін не кешке жеңіз.
Суық сусын
Аш асқазанды тамақ қорытуға дайындау керек. Бірақ суық сусындардан гөрі жылы қарапайым су ішіңіз.
Тәттілер
Аш қарынға тәтті жеуге болмайтындығы бәрімізге белгілі. Неліктен? Бұл қан құрамындағы қанттың өсуіне алып келіп, арты ауруларға апаруы мүмкін.
Кофе
Таңмен алғашқы болып кофе ішесіз бе? Бұл денсаулыққа зиян бола алады. Кофе асқазанды қоздырып, сөлді көптеп шығаруы мүмкін. Уақыт өте гастрит ауруына тап болуыңыз мүмкін.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: leanbody-bootcamps.com