Таңғы ас – тәңірден. Оның пайдасы шаш етектен екенін білеміз. Алайда таңертеңмен аш қарынға қабыладасақ, пайдасынан зияны көп болатын тағамдар туралы не білеміз?
Цитрус және оның шырыны
Жаңадан сығылған шырын ағзадағы қышқылдың артуына сеп болады. Цитрустың, жеміс-жидектің құрамындағы эфир майы асқазандағы шырышты түршіктіріп, тұз қышқылы көптеп бөлінуіне әкеп соғады. Аш қарынға цитрус түссе, асқазанға бір стақан сірке суын құйып жібергендей сезім болады. Әсіресе, қышқылдығы жоғары, мерез (язва), созылмалы гастрит ауруы бар адамдар өте сақ болғаны дұрыс.
Шикі көкөністер мен жемістер
Бұл іштің кебуіне әкеліп соқтырады. Жемістердің пайдасы жөнінде ешкім дау туғызбайды. Ал құнарсыз жасұнықты таңмен қабылдау түйткіл туғызады. Ол шырышты асқазанға кері әсер етіп, ішті кептіріп, ауыртады.
Тәттілер
Таңғы асқа тәтті жегеннің асқазан асты ауырып, оның жұмысын тоздыра түседі. Ағзада инсулин (ұйқы безінің ағзадағы көмірсулардың алмасуын реттейтін гормоны) артуы бүйірде артық май жиналуына сеп болады және қандағы қант құрамын көбейтіп, қант диабетіне шалдықтырады.
Суық сусындар
Ол ас қорыту үдерісін бұзады. Адамның ас қорыту жүйесінде созылмалы аурулары болса, ол асқына түседі. Одан бөлек, асқазан түтікшелері тарылуына, қан айналымның нашарлауына, ас қорыту үдерісі баяулауына себепкер болады.
Айран
Айранды түскі уақыттан кейін ішкен дұрыс. Айранды аш қарынға ішсе, ол құрамындағы барлық пайдалы дәруменнен айырылып қалады деуге болады. Оны тамақ ішкеннен екі сағаттан соң немесе ұйқыға жатардан бұрын ішкен ең дұрыс шешім болмақ. Тек осы жағдайда ғана ол ас қорыту үдерісіне жақсы жағынан әсер ете алады.