Адам тамақсыз 70 күн өмір сүре алады! Бір жағынан мүмкін емес секілді...Алайда мұның жауабы физиологиялық және зат алмасу процестерінде жатыр. Олар адамның мүмкіндігінше ұзақ өмір сүруі үшін жұмыс істейді. Ашыққандық адамның дәрменсіз бола бастағаны деген сөз емес. Сонымен, тамақтану мүмкіндігі болмаған жағдайда, ағза өзінің белсенділігін сақтап қалу үшін не істейді?
0-6 сағат
Адам тамақ ішіп болғаннан кейін оның денесі глюкоза өндіру үшін құрамында глюкозасы бар полисахарид яғни гликогенді жоя бастайды. Сіз әдетте дұрыс тамақтанған кезде глюкоза энергияның қайнар көзіне айналады. Гликоген болса «резервтік қор» болады.
6–72 сағат
Адам миы май қышқылдарын энергия көзі ретінде қолдана алмайды. Сондықтан, алғашқы 24-48 сағат аштықта ми глюкозаның қалған қорын пайдаланады. Бір қиындығы, адам миына тәулік сайын 120 грамм глюкоза қажет, яғни бір бөтелке кола құрамындағы қант мөлшері. Бұл дегеніміз ағзаның қажетті мөлшердегі глюкозаны қажетсінуі. Негізі осының салдарынан адам ми өліп кетуі де мүмкін. Бірақ өлмейді, себебі сіздің ағзаңыз резервті көшірме секілді бір нәрсе жасайды.
Осыншама уақыт тамақтанбағандықтан, адам кетоза жағдайына кіреді: гликоген қорлары таусылған кезде, дененің май қорларынан энергия өндіруден басқа амал қалмайды. Бұл тамақ ішпеген уақыттан бері болған бірінші метаболикалық сатылы ауытқу.
72 сағаттан соң
Қалай болғанда да, адам ағзасы әлі де тәулігіне шамамен 10 грамм глюкозаны қажет етеді. Және оны ағзадағы ақуыздардан басқа ешқандай жерден ала алмайды. Аштықтың осы кезеңінде, аминоқышқылдарға бөліну арқылы жасушалардағы ақуыздар бұзыла бастайды. Бір қуанарлығы, ағза бұл процесті теңдестіре алады.
Өлім
Аталған процестерге қарамастан, адам денесі дұрыс жұмыс істемейтіні белгілі. Негізінен дәрумендер мен минералдың жетіспеушілігінен аштық иммунды жүйенің жұмысын айтарлықтай нашарлатып жібереді. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, адам иммунитеттің бұзылуынан пайда болған аурулардың салдарынан кез келген уақытта көз жұму мүмкіндігі бар.
Бірақ ең ықтималдысы денедегі глюкоза, май, бұлшық ет жасушалары толықтай таусылмайынша, адам жоғары айтылған күйде өмір сүреді. Аштықтың соңғы кезеңі екі аурумен жалғасады: маразм және квашиоркор (ақуыздың жетіспеуінен пайда болатын ауыр дистрофия).
Маразмға шалдығу себебі энергияның жетіспушіліген яғни қажетті мөлшерде ақуыз бен калорийдің болмауынан. Квашиоркор бауырдың ісіп, үлкеюіне алып келеді, соның салдарынан адамның іші құрысады. Осының кесірінен адам өзін тоқ сезе бастайды.
Ұзақ уақыт бойы аш жүрудің соңғы кезеңі – өлім ұстамалы жүрек ауруының немесе аритмияның салдарынан орын алады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mn.ru