Женева Университетінің ғылыми қызметкерлері артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілін анықтады.
Арықтау үшін қыс мезгілі қолайлы екен. Зертханада егеуқұйрықтардың көмегімен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай пайымға келді.
Осылайша, +6-тен +10 градус аралығында Цельсия температурасында кемірушілер салмақтан екі есе көп арылған. Бұл суық кезде семірумен байланысты микроорганизмдердің жойылуы салдарынан болады екен. Сондай-ақ, қыста арықтауға көмектесетін арнайы гормондар бөлінеді.
Тәжірибе нәтижесіне сәйкес ғалымдар арықтауға ең қолайлы уақыт қыс мезгілі деп отыр. Ол үшін күніге спортзалға барудың еш қажеті жоқ. Тек таза ауа жұтып, серуендеуге көп уақыт бөлген жеткілікті екен.
Дереккөз: inform